Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Жасына байланысты зейнетақы

Жасына байланысты зейнетақы алуға кім құқылы?

Қазақстан Республикасының(бұдан әрі-ҚР) азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы алуға құқылы.

Жасына байланысты зейнетақы тағайындау құқығы қай сәттен бастап пайда болады?

Құқық төменде аталған адамдар зейнеткерлік жасқа толған сәттен бастап туындайды:
• 63 жастағы ер адамдар;
• 61 жастағы әйелдер (2028 жылдың 1 қаңтарына дейін);
• 53 жастағы әйелдер (5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге)

Жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш беру тәсілі?

Мемлекеттік корпорация арқылы.

Жасына байланысты зейнетақы қызметін көрсету мерзімдері?

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін -10 жұмыс күнінде тағайындалады;
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттері) өтініш берушінің қатысуымен толық ресімдеуге (көрсетілетін қызметті алушының қосымша құжаттарды ұсынуы туралы сұрау салуы) электрондық іс-макетті қайтарған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттар тізімі?

• заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам исчисления (определения) размеров, назначения, осуществления, приостановления, перерасчета, возобновления, прекращения и пересмотра решения о назначении (отказе в назначении) государственной базовой пенсионной выплаты, пенсионных выплат по возрасту от 22 июня 2023 года № 232;
• сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат (қандас мәртебесі бар адамдардың зейнетақыларын тағайындауға өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады).
• өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
• еңбек кітапшасы;
• мұрағат мекемелерінің анықтамалары, мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелері;
•олған жағдайда ұсынылады:
• білім туралы құжат;
• әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
• балалардың туу туралы куәліктері (әйелдер үшін);
• неке туралы куәлік (тегі өзгерген кезде);
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды, мүгедектігі бар жалғызбасты адамды күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеу

Кім жәрдемақы алуға құқылы?

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, яғни 55 жасқа толған және Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорында кемінде 7 жыл (84 ай) кәсіби зейнетақы аударымдары болған кезде.

Арнайы әлеуметтік төлем қандай төлемдерден тұрады?

Арнаулы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттерден тұрады және төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады:
1)республикалық бюджеттен 2 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы;
2) өмірді сақтандыру компанияларынан 1 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде,
4)Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен.

Өтініш беру тәсілі?


1) Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) проактивті қызмет арқылы кез келген уақытта жүзеге асырылады. («Е-макет» ААЖ еңбек шарты талаптарының өзгерістері туралы Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан мәліметтер келіп түскеннен кейін жәрдемақы тағайындау үшін сәйкестік шарттарына тексеруді автоматты түрде жүзеге асырады және тиісті ақпараттық жүйеге сұрау салуларды қалыптастырады, «Е-макет» ақпараттық жүйесі арқылы оң тексеру кезінде автоматтандырылған режимде әлеуетті өтініш берушіге оның абоненттік ұялы байланыс құрылғысының нөміріне жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы хабарлама жолданады )( өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген жағдайда проактивті қызмет ұсынылады.)
- Өтініш беруші жәрдемақымен бір уақытта бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш бере алады..
- Жәрдемақы алушының мәртебесін растайтын құжат осы Қағидаларға сәйкес өтініш берген кезде өтініш берушінің қолымен Мемлекеттік корпорация бөлімшесі беретін куәлік болып табылады.

Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың қате есептелген сомаларын электрондық үкімет порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы қайтару

Өтініш беру үшін не қажет?

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)

Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қалай қайтаруға болады?

• Қызмет паспортында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет. «Электрондық үкімет» порталында (бұдан әрі – Портал) авторизациялау. Порталдағы қызмет заңды тұлғалар (бұдан әрі – ЗТ) және жеке тұлғалар дара кәсіпкерлер болып табылатын (бұдан әрі – ЖК) үшін қолжетімді. Жалпы атауы-төлеуші.
• Порталда авторизацияланғаннан кейін өтініш беруші (төлеуші) «деректерді толтыру»1-қадамына көшеді. Өтініш беруші (төлеуші)барлық міндетті жолдарды толтыруы қажет.
• Егер Заңды тұлға бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған болса, өтініш берушінің (төлеушінің) «қайта ұйымдастырылған ЗТ» немесе «ағымдағы ЗТ» біреуін таңдау мүмкіндігі бар. Заңды тұлғаларға, порталда 2013 жылға дейінгі төлемдерді қайтаруды жүзеге асыру функционалы көзделген. Ол үшін чек-боксты басып, Жұмыс берушінің салық төлеушінің нөмерін көрсету қажет.
• Барлық міндетті өрістерді толтырғаннан кейін «тексеру» батырмасы белсенді болады. Өтініш беруші (төлеуші) толтырылған деректемелерді тексеру үшін түймені басады. Егер жауап сәтті болса, өтініш беруші (төлеуші) «қызметкерлер туралы мәліметтер» 2 – қадамына ауысады, онда портал әлеуметтік аударымдар төленген сервис бойынша қызметкерлердің тізімін алады.
Тізімге сәйкес, өтініш беруші (төлеуші) әлеуметтік төлемдер және (немесе) өсімпұлды қайтаруды жүзеге асыру үшін қызметкерлерді таңдауы қажет. Қызметкерлерді таңдағаннан кейін өтініш беруші (төлеуші)қайтару себебін көрсетуі керек. Бір мәлімдеме үшін қайтарудың бір ғана себебі таңдалады.
• Әрі қарай, ақшаны қайтару үшін деректемелерді көрсету қажет. Деректемелер қайта толтырылады. Бұл өтініш берушінің (төлеушінің) деректемелері өзгерген жағдайда қажет (өтініш беруші банкті өзгертті немесе шотты (IBAN) өзгертеді).
• Қайтару себебіне байланысты өтініш беруші құжаттарды қайтару ережелеріне сәйкес, әлеуметтік төлемдерді және (немесе өсімпұл) қоса беруі керек.
• Өтініш беруші барлық міндетті жолдарды толтыра отырып, заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның (ЖК) ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қояды.
Анықтама: әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруға өтінішті, заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның (ЖК) ЭЦҚ-сын авторизациялау және қол қою кезінде тек бірінші басшы болуға тиіс. Егер Бухгалтер Бірінші басшының атынан сөйлесе, онда бірінші басшының ЭЦҚ болуы керек. Басқалардың әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Сайып келгенде, өтініш беруші (төлеуші) қызмет көрсету нәтижесін мәртебелік бетте және порталдағы жеке кабинетте хабарлама түрінде алады (egov.kz).
Өтініш Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің ақпараттық жүйесі арқылы Мемлекеттік корпорацияның қарауына түседі. Мемлекеттік корпорацияның өтінішті қабылдау немесе қабылдамау мүмкіндігі бар. Бұл барлық деректердің дұрыс толтырылуын тексеру үшін қажет. Бұрын әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезінде қатысу өтіліне ескерілген қызметкердің әлеуметтік аударымдарының сомаларын қайтаруға өтініш түскен кезде Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдарды қайтарудан бас тартуды жүзеге асырады.
Өтінішті Мемлекеттік корпорация оң қараған жағдайда, өтінім әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асыру үшін қызметті берушіге- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры акционерлік қоғамына жіберіледі.
Портал сервисі бойынша өтінішті қадамдық қарау кезінде жеке кабинетке хабарлама жіберіледі.

Міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың қате есептелген сомаларын қалай қайтаруға болады?

• «Электрондық үкімет» порталының басты бетінде «сервистер» бөлімінде «Азаматтарға» → «зейнетақымен қамсыздандыру» бөліміне өтіңіз. Бұдан әрі «міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың қате есептелген сомаларын қайтару» қызметін таңдау қажет.
• Сервис паспортында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет. «Электрондық үкімет» порталында авторизациялау.
• Қызметті «жеке кәсіпкерлер» болып табылатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар ғана ала алады. Айта кету керек, қызметке тапсырыс беру кезінде заңды тұлға бірінші басшының ЭЦҚ-сынан авторлануы қажет.
• Сәтті авторизациядан кейін өтініш берушіге «деректерді толтыру» қызметінің 1-қадамы ашылады.
1-қадамда өтініш беруші «байланыс нөмірін», «E-mail» қолмен толтырады, сондай-ақ Қызмет интерфейсінен қайтаруды жүзеге асыру үшін қажетті бизнес сәйкестендіру нөмірі(БИН) таңдайды. БИН таңдағаннан кейін өтініш берушіге «облыс немесе қала», «жұмыс беруші банкінің БИН» көрсету қажет және «жұмыс беруші банкінің жеке сәйкестендіру коды» деген жолдарды толтырады.
Барлық міндетті өрістерді толтырғаннан кейін «тексеру» батырмасы белсенді болады. Өтініш беруші түймені басып, «қызметкерлер туралы мәліметтер» қызметінің 2-қадамына өтеді, онда кестеде қызметкерлер туралы барлық мәліметтер көрсетіледі.
Өтініш беруші 2-қадамда қайтаруды жүзеге асыру қажет қызметкерлерді таңдауы керек. (10 қызметкерді таңдаудың максималды саны).• Таңдалған қызметкерлер жаңа кестеде толтырылады онда өтініш берушінің қайтарылған соманы өңдеу және қайтару себебін көрсету мүмкіндігі бар. (Барлық таңдалған қызметкерлер үшін қайтарудың 1 себебі көрсетілген). Барлық міндетті өрістерді толтырғаннан кейін «келісуге жіберу» батырмасы белсенді болады. Өтініш беруші батырманы басады, содан кейін таңдалған қызметкерлерге келісу туралы сұрау жіберіледі. Сондай-ақ өтініш берушіге келісім бойынша мәліметпен «мәртебе беті» ашылады.
• Таңдалған қызметкер «Электрондық үкімет» порталында өзінен авторизацияланады. Жеке кабинеттегі «Кіріс жәшігі» бөліміне өтеді.
Жеке кабинетте хабарлама табады, өтінімді ашады және ақпаратпен танысады. Қызметкер келісу үшін «күй беті» батырмасын басуы керек.
• Қызметкер өтінімді келісу үшін жеке ЭЦҚ-мен қол қою үшін мәртебелік бетке өтеді және «Растау» батырмасын басу қажет мәртебелік бетке өтеді.
• Сәтті келісуден кейін өтініш берушінің мәртебе парағында келісу мәртебесі өзгереді. Өтініш беруші орындауға жіберу үшін сұрау салуға қол қоюы қажет.
• Өтініш беруші ЭЦҚ-мен сауалға қол қояды. Қол қойылғаннан кейін сұрау Мемелекеттік Органға орындауға кетеді және өтініш берушінің «мәртебе бетінде» мәртебесі өзгереді.