-
Қоғамның органдары
- Корпоративтік құжаттар
-
Корпоративтік іс-шаралар
- Тәуекелдерді басқару жүйесі және ішкі бақылау
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1975 жылы 29 қыркүйек
Білімі:
Х. Дулати атындағы Тараз университеті, экономист мамандығы бойынша;
Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы (Нархоз), «Қаржы, ақша айналымы және кредит» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты;
Maqsut Narikbaev Universiti, «Бәсекелестік құқық» мамандығы бойынша, құқық магистрі.
Біліктілікті арттыру:
CIPFA (Қоғамдық қаржы және бухгалтерлік есеп институты, Ұлыбритания), «Мемлекеттік сектор аудиторы» халықаралық біліктілігі берілген CIPFA дипломы;
Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасы, Жоғары санатты мемлекеттік аудитор.
Жұмыс тәжірибесі:
1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасы Құрылыс министрлігінің «Қаратаухимстрой» трестінің материалдық бухгалтері;
1994 жыл - 1998 жж. - Жамбыл облыстық статистика департаментінің баға және баға белгілеу бөлімінің экономисі;
1998-2000 жж. - Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының (Нархоз) оқытушысы;
2000-2002 жж. - «Қазақстан техникалық орталығы» ЖШС коммерциялық директоры;
2002-2006 жж. - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік ревизоры;
2006-2008 жж. - Астана қаласындағы «Данабанк» АҚ директорының орынбасары;
2008-2017 жж. - Жиынтық-талдау бөлімінің, Квазимемлекеттік сектор субъектілерін бақылау бөлімінің, Мемлекеттік аудит бөлімінің, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің, Ққаржыны басқарудың мемлекеттік аудит бөлімінің меңгерушісі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы;
2017-2018 жж. - «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы).
2018-2019 жж. - Түркия Республикасында «Корпорация Анталия Бронз Кастинг» АҚБ вице-президенті;
2019-2020 жж. - «CSI групп» консалтингтік компаниясының басқарушы серіктесі, «CSI kapital» инвестициялық компаниясының Бас директоры;
2020-2021 жж. - «TSC Global Singapore – Kazakhstan» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Басқарушы серіктесі;
2021-2022 жж. - UNCOCLUP - «Халықаралық бәсекелестік құқық, инновация және саясат орталығы» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Бас директоры .
Мемлекеттік және өзге де наградалар, көтермелеулер:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған;
Мерейтойлық және ведомстволық медальдар;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері» құрмет белгісі;
«Кероглу» және «Абай» (Анкара қаласы Түркия Республикасы) жобаларын жүзеге асырғаны үшін ТҮРКСОЙ халықаралық медалімен марапатталған;
«Қазақстанның үздік тәуелсіз директоры – 2023» номинациясының жеңімпазы.
Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі: иелігінде жоқ.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1987 жылы 17 қазан
Білімі:
2011 жыл - Халықаралық Бизнес Университетін бітірген;
2014 жыл – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген;
2017 жыл – Ұлыбритания, Ноттингем университетін бітірген;
2020 жыл – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
18.05.2012 жылдан бастап 15.10.2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті F-2 басқармасының сарапшысы.
15.10.2012 жылдан бастап 13.05.2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төлем операциялары Басқармасының сарапшы-қазынашысы.
14.05.2013 жылдан бастап 01.08.2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті республикалық бюджет бойынша есептілік басқармасының сарапшы-қазынашысы.
02.08.2014 жылдан бастап 02.01.2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Еңбекшілдер аудандық қазынашылық басқармасының Ақмола облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары.
03.01.2018 жылдан бастап 12.10.2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы.
15.10.2018 жылдан бастап 31.10.2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті F-2 басқармасының бас сарапшысы.
04.11.2019 жылдан бастап 31.12.2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаменті концессиялық жобалар басқармасының басшысы.
04.02.2022 жылдан бастап 22.02.2022 жылға дейін ҚР ҚМ ММЖК Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2024 жылғы 27 қазанды қоса алғанға дейін).
23.02.2022 жылдан бастап 17.09.2023 жылға дейін ҚР ҚМ ММЖК Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.
18.09.2023 - Қазіргі уақытта - ҚР ҚМ ММЖК Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1983 жылы 25 қаңтар
Білімі:
2005 ж., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, кеден ісі мамандығы;
2005 ж., Brunel University London, құқық мамандығы.
Жұмыс тәжірибесі:
2006 жылдан 2023 жылға дейін мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ жеке құрылымдарда әртүрлі лауазымдарды атқарды;
2025 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарады.
Мемлекеттік және өзге де наградалар, көтермелеулер:
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдармен марапатталған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1981 жылы туылған
Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін және Шеффилд Университетін тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі - экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.
Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған.
2002-2003 жылдары «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт» АФ құқықтық жұмыс бойынша бас маманы болып жұмыс атқарды.
2003 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда еңбек етті.
2012 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас эксперті, кеңесшісі лауазымын атқарды.
2017-2018 жылдары ҚР Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2018-2020 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 жылғы 26 мамырдан 2023 жылғы қазанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы 30 қазаннан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады.
- Ағымдағы уақытта толық емес жұмыс күні және басқа ұйымдардың директорлар кеңесіндегі мүшелік: ЖОҚ
- Мемлекеттік корпорацияның акцияларына иелік етуі: ЖОҚ
- Мемлекеттік корпорацияның орындаушылары мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етуі: ЖОҚ
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 14.08.2025 ж. шешімімен (№201/НҚ бұйрық).
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1983 жылғы 8 ақпан
Білімі: жоғары, 2000-2004жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұллтық университеті, Экономика және құқық институты, мамандығы - Банк ісі, 2014-2016жж. Мәскеу мемлекеттік университеті, мамандандығы - стратегиялық маркетинг, 2016 ж. Leadership International Institute, Халықаралық бизнес көшбасшылығы курсы, 2021 ж. IoD UK (Institute of Directors) IoD Chartered Director халықаралық біліктілігі.
Жұмыс тәжірибесі:
2003-2005 жж. – Алматы қ. «БАСКО» ЖШС Қазақстан Республикасындағы Сибнефть» ААҚ өкілдігінің Сыртқы экономикалық бөлімінің менеджері;
2005-2007 жж. - Алматы қ. «БИОХИМ» АҚ қаржы талдаушысы, Дюссельдорф, Кельн, Франкфурт;
2007-2008 жж. - СҚО филиалының директоры - Тайынша қ. «БИОХИМ» АҚ зауытының директоры;
2008-2013 жж. - Алматы қ. «Tamgaly Group» ЖШС акционері және бас директоры;
2013-2023 жж. - Алматы қ. «Еуразия СК» АҚ Басқарушы директоры;
2024 жылы осы уақытқа дейін – «Rhino Group» холдингінің бас директоры.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1977 жылы 06 қыркүйек
Білімі: 1998 ж., Қарағанды экономикалық университеті, Экономика және менеджмент факультеті, экономист-менеджер.
Біліктілікті арттыру:
2022г., Portfolio Management Professional (PfMP)®, Project Management Institute;
2022г., Advanced Work Packaging in Capital Project Operating System, Concord Project Technologies Inc.;
2020г., PMO-CP (Certified Practitioner), PMO Global Alliance;
2020г., Certified Project Manager Professional (PMP), Project Management Institute;
2020г., Portfolio Management, Governance and the PMO, University of Washington;
2019г., Project and Portfolio Management with Microsoft PPM, Microsoft;
2019г., Certified Senior Project Manager (Level B), IPMA;
2017г., IC Agile Certified Professional, IC Agile;
2017г., ISO21500 Lead Project Manager, PECB;
2017г., Strategy of Project Management in practice, Nazarbayev University.
Жұмыс тәжірибесі:
1999 жылдан 2015 жылға дейін «Kanatecs» Бас директоры болды.
2015 жылдан 2019 жылға дейін «OKSYS» бизнес-процестерді автоматтандыру, IT-жобаларын басқару жөніндегі жобалардың жетекшісі болды;
2019 жылдың мамырынан 2019 жылдың қазанына дейін АҚ ӘКК «Astana» жобалық тәсілін енгізу бойынша жоба жетекшісі болды;
2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін - тәуелсіз кеңесші.