Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Жасына байланысты зейнетақы

Жасына байланысты зейнетақы алуға кім құқылы?

Қазақстан Республикасының(бұдан әрі-ҚР) азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы алуға құқылы.

Жасына байланысты зейнетақы тағайындау құқығы қай сәттен бастап пайда болады?

Құқық төменде аталған адамдар зейнеткерлік жасқа толған сәттен бастап туындайды:
• 63 жастағы ер адамдар;
• 61 жастағы әйелдер (2028 жылдың 1 қаңтарына дейін);
• 53 жастағы әйелдер (5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге)

Жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш беру тәсілі?

Мемлекеттік корпорация арқылы.

Жасына байланысты зейнетақы қызметін көрсету мерзімдері

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін -10 жұмыс күнінде тағайындалады;
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттері) өтініш берушінің қатысуымен толық ресімдеуге (көрсетілетін қызметті алушының қосымша құжаттарды ұсынуы туралы сұрау салуы) электрондық іс-макетті қайтарған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттар тізімі

• 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және қайта қарау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
• сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат (қандас мәртебесі бар адамдардың зейнетақыларын тағайындауға өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады).
• өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
• еңбек кітапшасы;
• мұрағат мекемелерінің анықтамалары, мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелері;
• Болған жағдайда ұсынылады:
• білім туралы құжат;
• әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
• балалардың туу туралы куәліктері (әйелдер үшін);
• неке туралы куәлік (тегі өзгерген кезде);
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды, мүгедектігі бар жалғызбасты адамды күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеу

Кім жәрдемақы алуға құқылы?

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, яғни 55 жасқа толған және Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорында кемінде 7 жыл (84 ай) кәсіби зейнетақы аударымдары болған кезде.

Арнайы әлеуметтік төлем қандай төлемдерден тұрады

Арнаулы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттерден тұрады және төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады:
1)республикалық бюджеттен 2 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы;
2) өмірді сақтандыру компанияларынан 1 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде,
4)Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен.

Өтініш беру тәсілі?


1) Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) проактивті қызмет арқылы кез келген уақытта жүзеге асырылады. («Е-макет» ААЖ еңбек шарты талаптарының өзгерістері туралы Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан мәліметтер келіп түскеннен кейін жәрдемақы тағайындау үшін сәйкестік шарттарына тексеруді автоматты түрде жүзеге асырады және тиісті ақпараттық жүйеге сұрау салуларды қалыптастырады, «Е-макет» ақпараттық жүйесі арқылы оң тексеру кезінде автоматтандырылған режимде әлеуетті өтініш берушіге оның абоненттік ұялы байланыс құрылғысының нөміріне жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы хабарлама жолданады )( өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген жағдайда проактивті қызмет ұсынылады.)
- Өтініш беруші жәрдемақымен бір уақытта бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш бере алады..
- Жәрдемақы алушының мәртебесін растайтын құжат осы Қағидаларға сәйкес өтініш берген кезде өтініш берушінің қолымен Мемлекеттік корпорация бөлімшесі беретін куәлік болып табылады.

Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың қате есептелген сомаларын электрондық үкімет порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы қайтару

Өтініш беру үшін не қажет?

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)

Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қалай қайтаруға болады?

Әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтару тәртібі мен жағдайлары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген «Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайларына» сәйкес айқындалады (бұдан әрі – Қағидалар).
• Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар (төлеушілер) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару туралы өтінішті egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы бере алады.
• Көрсетілетін қызметті алушы авторизациядан өткеннен кейін «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде «Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтару» қызметін таңдайды.
• 1-қадам «Деректерді толтыру» кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлем тапсырмасына сәйкес барлық міндетті жиектерді толтырады.
• Барлық деректер дұрыс толтырылғаннан кейін «Тексеру» батырмасы белсенді болады және келесі қадамға өтуге мүмкіндік береді.
• 2-қадамға «Қызметкерлер туралы мәліметтер» сәтті өткен кезде көрсетілетін қызметті алушы қайтару жүргізілуі тиіс әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысын таңдайды.
• Қызметкерді таңдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы қайтарылатын соманың мөлшерін өзі анықтайды және қайтару себебін таңдайды.
• Қайтару себебіне қарай көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларда көзделген қажетті құжаттарды қоса тіркеуі тиіс.
• Толық толтырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өз өтінішіне электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.
• Өтініштің Мемлекеттік корпорацияның төлем жүйесіне түскенін жеке кабинеттен тексеруге болады. Қызметтің мәртебесі «МК қарауында» деген мәртебеде болуы тиіс.
Анықтама үшін:
• Өтініш Мемлекеттік корпорацияның төлем жүйесіне түскеннен кейін, бес жұмыс күні ішінде көрсетілген деректердің дұрыстығы мен толықтығын тексеру сәтті болған жағдайда, ол «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ға (бұдан әрі – Қор) жолданады.
• Өзге жағдайда өтініштің қабылданбау себептері көрсетіліп, кері қайтарылады.
• Қор он жұмыс күні ішінде әлеуметтік аударымдарды қайтару немесе қайтарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
• Қордың шешімі туралы хабарлама өтініште көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.
• Банктік деректемелері өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік аударымдардың қайтарылған сомаларын аудару үшін ағымдағы шоттың (арнайы емес, карточкалық базаға жатпайтын) немесе банктің транзиттік шотының бар екенін растайтын банктік анықтамасын ұсынуы тиіс.

Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару

1. «Электрондық үкімет» порталының басты бетіндегі «Сервистер» бөлімінде: «Әлеуметтік қамсыздандыру» → «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөліміне өту. Бұдан әрі «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару қызметін таңдау қажет.
2. Сервис паспортында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет. «Электрондық үкімет» порталында авторизациялаудан өту керек.
3. Қызметті «Жеке кәсіпкерлер» болып табылатын Заңды тұлғалар және Жеке тұлғалар ғана ала алады. Заңды тұлға қызметке тапсырыс берген кезде бірінші басшының ЭЦҚ-сынан авторизациялаудан өтуі тиіс екенін атап өткен жөн.
4. Сәтті авторизациялаудан кейін Өтініш берушіге «Деректерді толтыру» қызметінің 1-ҚАДАМЫ ашылады.
5. 1-қадамда Өтініш беруші «Байланыс нөмірін»», Е-mail» деректерін қолмен толтырады, сондай-ақ қайтаруды жүзеге асыру үшін қызмет интерфейсінен қажетті БСН-ді таңдайды. БСН-ді таңдағаннан кейін Өтініш беруші «Облыс немесе қала», «Жұмыс беруші банкінің БСК» көрсету қажет және «Жұмыс беруші банкінің ЖСК» жолдарын толтыруы тиіс.
6. Барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін, «Тексеру» батырмасы белсенді болады. Өтініш беруші батырманы басады және кестеде қызметкерлер туралы барлық мәліметтер көрсетілетін «Қызметкерлер туралы мәліметтер» қызметінің 2-ҚАДАМЫНА өтеді.
7. 2-қадамда Өтініш беруші қайтару жүзеге асырылуы қажет қызметкерлерді таңдауы тиіс (таңдағанда ең көп дегенде 10 қызметкерден аспауы керек).
8. Таңдалған қызметкерлер жана кестеде толтырылады, онда Өтініш берушінің қайтарылатын соманы түзету және қайтару себебін көрсету мүмкіндігі бар. (Барлық таңдалған қызметкерлер үшін қайтарудың 1 себебі көрсетіледі). Барлық міндетті жолдар толтырылғаннан кейін «Келісуге жіберу» батырмасы белсенді болады. Өтініш беруші батырманы басады, содан кейін таңдалған қызметкерлерге келісу үшін сұрау жіберіледі. Сондай-ақ Өтініш берушіге келісім бойынша мәліметтер «Мәртебелік беті» ашылады.
9. Таңдалған қызметкер «Электрондық үкімет» порталында өз атынан авторизациялаудан өтеді. Жеке кабинеттегі «Кірістер» бөліміне өтеді. Жеке кабинетте хабарламаны табады, өтінімді ашады және ақпаратпен танысады. Содан кейін қызметкерлерге келісу үшін «Мәртебелік бет» батырмасын басуы тиіс.
10. Қызметкер Мәртебелік бетке өтеді, онда өтінімді келісу үшін «Растау» батырмасын басуы тиіс және жеке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.
11. Сәтті келісуден кейін Өтініш берушінің мәртебелік бетінде келісу мәртебесі өзгереді. Өтініш беруші орындауға жіберу үшін сұрауға қол қоюы қажет.
12. Өтініш беруші сұрауға ЭЦҚ арқылы қол қояды. Қол қойғаннан кейін сұрау мемлекеттік органға орындауға кетеді және Өтініш берушінің «Мәртебелік бетінде» мәртебесі өзгереді.
13. Мәртебе жаңартылғаннан кейін аяқталған өтінім «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да «Қарастырылуда» деп өзгереді.

Footer with Updated Contact Info