Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін интеграциялау, сервистерге қосу.

Мемлекеттік корпорация «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің сервистеріне қосылу жөніндегі ұсыныстарды қарауға дайын. Одан әрі интеграциялық үздіксіз өзара іс-қимылдың форматтарын айқындау үшін бірлескен қызмет туралы шарттық шарттардың негіздерін талқылау қажет.

Кейіннен ұсынуға өтінімді қайта беру мақсатында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында жер учаскесінің мәртебесін жою/өзгерту.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінде жер учаскесінің мәртебесін өзгертуге қатысты жария кадастрлық картада сіз жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгінуіңіз қажет. Әкімдік жер учаскесінің мәртебесін өзгерту бойынша Мемлекеттік корпорацияның атына сұрау салуы тиіс.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу кезегін өзектендіру

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу кезегін жылжыту мәртебесін беруді, есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) жүргізеді. Осыған байланысты туындайтын мәселелерді шешу және толық ақпарат алу үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ЖАО (Әкімдіктерге) жүгінуді ұсынамыз. Кезекті қарау жария кадастрлық картада келесі сілтеме map.gov4c.kz арқылы қол жетімді екенін хабарлаймыз.

Бұрын ресімделген жер учаскесіне жер үлесін, оның ішінде кондоминиумды ресімдеу.

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде орналасқан жер учаскесіне құқықтарды алу (Негізгі жер учаскесі болған жағдайда үлесті ресімдеу(бұдан әрі – Үлесті ресімдеу)» мемлекеттік қызметі жер учаскесінің ортақ үлестік меншігіне немесе қолданыстағы жер учаскесіне ортақ үлестік жер пайдалануға 2025 жылғы 5 мамырдан бастап іске қосылған.
Кадастрлық нөмірі бар қолданыстағы жер учаскесінде үлесті ресімдеген жағдайда, Жариялық кадастрлық картада учаскені бейнелеу талап етілмейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «электрондық үкімет» порталында «Жер учаскесіндегі үлесті ресімдеу» сілтемесі бойынша өтініш беру қажет.

«Жер учаскелердің мәліметтерін түзету» үшін мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?

Түзетуді енгізу үшін Egov порталында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен белгіленген нысан бойынша онлайн өтінім беру қажет.
«Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «жер қатынастары» бөлімшесін, содан кейін «Жер учаскелері туралы мәліметтерді түзету» қызметін таңдау қажет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе бір реттік парольі бар жеке және заңды тұлғалар ұялы байланыс операторы порталдың есептік жазбасына берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және қосқан жағдайда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 4 жұмыс күні ішінде

«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру» үшін мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?

Сіз мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз:
- Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы No 301 бұйрығымен белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылады)
- «электрондық үкімет » порталына.
Сканерленген құжаттарымен қоса берілген электрондық цифрлық қолтаңбасы бар жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді.
Мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтері бар жер учаскелерін рәсімдеу кезінде мемлекеттік қызмет тек жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 4 жұмыс күні ішінде

«Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу» үшін мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?

Сіз мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз:
- Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы No 301 бұйрығымен белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылады)
- «электрондық үкімет » порталына.
Сканерленген құжаттарымен қоса берілген электрондық цифрлық қолтаңбасы бар жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 7 жұмыс күні ішінде

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» үшін мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?

Сіз мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз:
- Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылады)
- «электрондық үкімет » порталына.
Сканерленген құжаттарымен қоса берілген электрондық цифрлық қолтаңбасы бар жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 жұмыс күні ішінде

e-Otinish-ке апелляция, арыз, шағым беру кезінде органның атауын қалай таңдауға болады?

Жер учаскесінің орналасқан жеріне сәйкес Филиал атауын таңдау қажет (мысалы, жер учаскесі Астана қаласында орналасқан болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалын таңдау қажет).

Footer with Updated Contact Info