-
Қоғамның органдары
- Корпоративтік құжаттар
-
Корпоративтік іс-шаралар
- Тәуекелдерді басқару жүйесі және ішкі бақылау
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1981 жылы туылған
Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін және Шеффилд Университетін тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі - экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.
Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған.
2002-2003 жылдары «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт» АФ құқықтық жұмыс бойынша бас маманы болып жұмыс атқарды.
2003 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда еңбек етті.
2012 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас эксперті, кеңесшісі лауазымын атқарды.
2017-2018 жылдары ҚР Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2018-2020 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 жылғы 26 мамырдан 2023 жылғы қазанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы 30 қазаннан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады.
- Ағымдағы уақытта толық емес жұмыс күні және басқа ұйымдардың директорлар кеңесіндегі мүшелік: ЖОҚ
- Мемлекеттік корпорацияның акцияларына иелік етуі: ЖОҚ
- Мемлекеттік корпорацияның орындаушылары мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етуі: ЖОҚ
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі, әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту, сондай-ақ «е-Өтініш» жобасын сүйемелдеу мәселелерін үйлестіреді.
1979 жылы туылған.
Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Білімі бойынша біліктілігі: экономист, заңгер.
2002–2006 жылдары – коммерциялық ұйымдарда менеджер, өткізу бөлімінің бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.
2006–2009 жылдары – «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМКК-да жетекші сарапшы, қызмет басшысының орынбасары, жетекші маман және директордың орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2009–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетіне қарасты «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМКК-ның «Патенттік-құқықтық консалтинг орталығы» филиалының директоры.
2010–2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бастығы, Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының басшысы.
2016–2018 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша филиалдарының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп-қарау департаментінің директоры.
2018–2019 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының директоры.
2019–2021 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
2021–2026 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының директоры.
2026 жылғы маусымнан бастап – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.
Қазіргі уақытта басқа ұйымдарда қоса атқаратын жұмысы және басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріне мүшелігі:
ЖОҚ.
Мемлекеттік корпорацияның акцияларын иеленуі:
ЖОҚ.
Мемлекеттік корпорацияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі:
ЖОҚ.
Жер кадастры мәселесіне қатысты сұрақтарға жетекшілік етеді.
1963 жылы туған.
1989 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы IV разрядты жұмысшы болып бастаған. 1990 жылы университетті бітіргеннен кейін Алматы облысында агроном болып жұмыс істеді. 1991-1992 жылдары Алматы облысы аудандық атқару комитетінің жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің төрағасы болды.
1992-1998 жылдары – Балқаш аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің төрағасы.
1998-2004 жылдары – Алматы облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау мемлекеттік инспекциясының бастығы – Алматы облысы, облыстық жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.
2004-2007 жылдары «МемжерҒӨӨ» РМК Алматы филиалының директоры қызметін атқарды, 2013-2016 жылдары – Астана қаласындағы «МемжерҒӨО» РМК бас директоры.
2016 жылғы сәуір-тамыз аралығында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясының директоры, Астана қ.
2016-2017 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы директорының орынбасары.
2017-2018 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Астана қ.
2018-2019 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры.
2019-2021 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ омбудсмені.
- қосымша жұмысы және қазіргі уақытта басқа ұйымдардың директорлар Кеңесінде мүшелігі: ЖОҚ
- Мемлекеттік корпорацияның акцияларын иеленуі: ЖОҚ
-Мемлекеттік корпорацияның орындаушылары мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: ЖОҚ
1982 жылы туылған.
2004 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Еесептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде желі инженер-әкімшісі болып бастаған.
2006 жылдан 2007 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ бас маманы болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының аға сарапшысы болып жұмыс істеді.
2008 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бас маманы болып жұмыс істеді.
2009 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) бас консультанты, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2012 жылғы ақпан айынан қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, бастығының м.а. лауазымын атқарды.
2012 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) аға инспекторы болып жұмыс істеді.
2013 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақпараттандыру басқармасының басшысы, Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылғы ақпан айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі қызметін атқарды.
2022 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі қызметін атқарды.
2024 жылғы қаңтар айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. 2024 жылғы 14 мамырдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
Марапаттары:
2016 жылғы 05 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы.
- Қазіргі уақытта басқа ұйымдарда қоса атқару бойынша жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелігі: жоқ
- Мемлекеттік корпорацияның акцияларына иелік ету: жоқ
- Мемлекеттік корпорацияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ
Фронт-офистердің қызметіне жетекшілік етеді.
1984 жылы туылған.
Қарағанды мемлекеттік университетін академик Е.А. Бөкетов атындағы университетін бітірген. Білімі бойынша біліктілігі: заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару маманы.
Еңбек жолын 2008 жылы «РУС-НУР LTD» ЖШС-де заңгер қызметінен бастаған.
2009 жылы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр департаментінің сарапшысы міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр департаментінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр департаменті Кадр жұмысы басқармасының сарапшысы қызметтерін атқарған.
2009–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының сарапшысы.
2010–2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық түгендеуді бақылау басқармасының сарапшысы.
2013–2016 жылдары – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалы Жаңаарқа аудандық бөлімінің басшысы.
2016–2018 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жаңаарқа аудандық бөлімінің басшысы.
2018–2022 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының Жаңаарқа аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.
2022–2023 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ұлытау облысы бойынша филиалының Жаңаарқа аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.
2023 жылы – «Ұлытау облысының еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
2023–2024 жылдары – «Ұлытау облысының еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы маусымға дейін – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарушы директоры.
2026 жылғы шілдеден бастап – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының фронт-офистер мәселелері жөніндегі орынбасары.
Қазіргі уақытта басқа ұйымдарда қоса атқаратын жұмысы және басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріне мүшелігі:
ЖОҚ.
Мемлекеттік корпорацияның акцияларын иеленуі:
ЖОҚ.
Мемлекеттік корпорацияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі:
ЖОҚ.
Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік етеді.
1967 жылы туылған.
1991 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2022–2023 жылдары KAZGUU M. Narikbayev University магистратурасында білім алып, құқық магистрі дәрежесін алған.
1991–1996 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында көмекші, аса маңызды істер жөніндегі прокуратура тергеушісі, облыс прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің аға прокуроры лауазымдарында жұмыс істеген.
1998–1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты.
1999–2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, директоры.
2002–2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2003–2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы.
2005–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, Құқық қорғау жүйесі бөлімінің секторының меңгерушісі.
2011–2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
2014–2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2015–2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы.
2016–2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Аппаратының басшысы.
2019–2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының басшысы.
2020–2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Аппаратының басшысы.
2022–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы.
2024–2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы.
2025 жылғы тамыздан 2026 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағында болған.
2026 жылғы шілдеден бастап – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарушы директоры.
2026 жылғы 24 шілдеден бастап – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасарының міндетін атқарады.
Қазіргі уақытта басқа ұйымдарда қоса атқаратын жұмысы және басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріне мүшелігі:
ЖОҚ.
Мемлекеттік корпорацияның акцияларын иеленуі:
ЖОҚ.
Мемлекеттік корпорацияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі:
ЖОҚ.
Әкімшілік блок бойынша мәселелерге жетекшілік етеді.
1991 жылы туылған.
2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы ҚХР Нанкин аудит университетін «Аудит және басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы мемлекеттік аудитор сертификаты берілген.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Есіл ауданы бойынша салық басқармасының Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2014 - 2016 жылдары аралығында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының № 2 Аудит бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2016 - 2021 жылдары аралығы кезеңінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2021 жылдан 2024 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Департамент директоры лауазымын атқарды.
2024 жылғы 23 тамыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Аппарат басшысы - Басқарма мүшесі лауазымын атқаруда.
Қазіргі уақытта басқа ұйымдардың қоса атқарушылық бойынша жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелігі: жоқМемлекеттік корпорацияның акцияларына иелік ету: жоқ
Өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік ету: жоқ
1978 жылы туылған.
2000 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Старклайд Университетін «Халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржы магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Кәсіби тәжірибе
2000 жылдың шілдесінен 2002 жылдың наурызына дейін - «Ақмола облыстық қаржы басқармасы» ММ Бақылау-тексеру бөлімінің бас маманы.
2002 жылғы сәуірден 2021 жылғы шілдеге дейін - «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті».
2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы тамызға дейін - «Қ. Сәтбаев атындағы «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы.
2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қазанға дейін - «ҚР Қаржы мониторингі агенттігі» ММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржы мониторингі департаментінің бас консультанты.
2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің бас сарапшысы.
Қазіргі уақытта басқа ұйымдардың қоса атқарушылық бойынша жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелігі: ЖОҚ
Мемлекеттік корпорацияның акцияларына иелік ету: ЖОҚ
Өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік ету: ЖОҚ