Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Арызды, шағымды e-Otinish-ке берген кезде

Жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне сәйкес Филиал атауын таңдау керек (мысалы, егер жылжымайтын мүлік Астана қаласында орналасқан болса, сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласындағы филиалын таңдауыңыз керек.)

Егер жылжымайтын мүлікке түзетулер қажет болса

Жылжымайтын мүлік объектілері туралы қате мәліметтерді түзету үшін:
-Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығы (өтініш жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына беріледі);
-Электрондық үкімет порталы. (Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар жеке тұлғаларға арналған «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы (барлық құжаттарды тіркеп, өтініште қандай түзету керек екенін жазу).

Егер сіздің жылжымайтын мүлікіңізде кепіл, заңды талаптар немесе мемлекеттік органдардың тоқтата тұру түріндегі тіркелген ауыртпалығы болса

Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепіл, заңды талап ету, тіркеу әрекеттерін тоқтата тұру) бар екендігі туралы ақпаратты электрондық цифрлық қолтаңбасы бар жеке тұлғалар үшін «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы нысан-2 анықтамасынан сұратуға болады. Толық ақпаратты, сондай-ақ ауыртпалық туралы құжаттардың көшірмелерін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалының кеңсесіне өтініш берген кезде немесе «e-Otinish» арқылы беріледі.
-Бірыңғай құқықтық кадастрдағы жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты шешу үшін ауыртпалықты шығарған органға жүгінуіңіз кажет (егер жылжымайтын мүлікке ауыртпалық электрондық түрде салынса, онда шешу үшін ауыртпалықты тағайындаған орган электрондық түрде жүзеге асырады; егер ол қағаз жүзінде салынса, онда ол қағаз жүзінде жойылады (сізге ауыртпалықты жойылғаны туралы құжат берілуі мүмкін және бұл құжатты мүліктің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының кеңсесіне тапсыру қажет)
-кепіл бар болса, кепіл ұстаушыға хабарласыңыз, бұл банк немесе заңды тұлға болуы мүмкін (егер сіздің кепіліңіз жойылған болса, онда кепіл ұстаушы Сізге кепілді алып тастау туралы хат беруге және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ауыртпалықты тоқтатуды мемлекеттік тіркеуге өтінішті тапсыру үшін сенімхат беруге міндетті.
-Заңды талаптарды қойған кезде (Мемлекеттік корпорация филиалының кеңсесі арқылы немесе E-Ontinish арқылы Сіз заңды талап қою туралы ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін алуға өтініш бере аласыз.

Тіркелген құқықтар туралы ақпарат беруге және құжаттардың көшірмелерін алу үшін

Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде жатқан құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), сондай-ақ жеке сот орындаушысының немесе аумақтық бөлімнің мөрімен расталған атқарушылық құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушыларының уәжді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.

Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:
-адвокаттардың;
-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;
-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;
-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;
-нотариустардың, мұрагерлердің;
-оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);
-Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімдерінің шеңберінде қаржы басқарушыларының;
-қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;
-басқа тұлғаларға құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.

Электрондық кадастрлық төлқұжатта қателер анықталса, қалай түзетуге болады?

Түзетуді енгізу үшін Egov арқылы онлайн өтінім беру керек. «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Тұрғын үй қатынастары» бөлімшесін таңдау керек, содан кейін «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының деректер базасындағы жылжымайтын мүлік объектілері туралы қате ақпаратты түзету» қызметін таңдап, қате түрін көрсету керек. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады, жеке кабинетке жаңа кадастрлық төлқұжат жіберіледі.

Ескі үйді бұзып, жаңасын салған кезде жаңа үйге кадастрлық төлқұжатқа тапсырыс беру керек пе?

Жаңа үй үшін объектіні пайдалануға қабылдау-тапсыру актісін беру және тұрғын үйдің техникалық және сәйкестендіру мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу қызметіне тапсырыс беру қажет. Ескі үй бұзылған жағдайда мүлікті бұзу туралы қорытынды техникалық байқаудан өткеннен кейін беріледі.

Электрондық кадастрлық төлқұжатқа онлайн қосымша төлемді қалай жасауға болады?

Сіз Egov жеке кабинетінде кадастрлық төлқұжатқа өтініш ашуыңыз керек «Тіркелген парақшасына» өтіп «Қызмет туралы ақпарат» парақшасында көрсетілген сомаға сәйкес қосымша төлем жасау қажет. Әрі қарай, келесі қадамға өтіп, мәртебені жаңарту керек, содан кейін электрондық кадастрлық төлқұжат сіздің жеке кабинетіңізге жіберіледі.