Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Азаматтарға арналған үкіметте директорлар кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 25 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Мусин Б.Б., Әмірғалиев А.Х., Манатаев Р.Е., Оспанов Е.Д., Ташенев Б.Х., Қожықов Ә.Ғ., Балиева З.Я., Мұхамеджанов Б.Г., Ивар Талло, Есембаев Н.С.

Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша келесідей негізгі шешімдер қабылданды:

-  Мемлекеттік корпорацияның 2018-2022 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру туралы 2020 жылға арналған Мемлекеттік корпорация басқармасының есебі мақұлданды;  

-  Сонымен қатар 2020 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша Мемлекеттік корпорацияның тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп, мемлекеттік қызметтер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы, ішкі аудит қызметінің 2020 жылдың 4 тоқсаны бойынша және 2020 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша есеп, Корпоративтік хатшының Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының 2020 жылғы жұмысы туралы есебі назарға алынды;

-  Сондай-ақ 2020 жылдың 4 тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша және 2020 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметінің қызметкерлерінің сыйақы мөлшері, Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының 2020 жылғы сыйақы мөлшері, Ішкі аудит қызметі қызметкерлері мен Корпоративтік хатшы қызметінің тиімділігін бағалау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің 2020 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша қызметіне бағалау жүргізудің жоспар-кестесі, мемлекеттік корпорацияның корпоративтік басқару кодексінің 2020 жылғы негізгі ережелері мен қағидаттарын сақтау/сақтамау туралы есебі бекітілді.

Одан бөлек отырыста Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметінің аудиторлары Р.А. Ахметов пен Г.С. Қайырбекова өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің аудиторы қызметіне А.М. Жақыповты тағайындау туралы шешім қабылданды.