Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

111 байланыс орталығының құрылу тарихы

Қазақстандағы балалар саны ел халқының 6,6 млн немесе үштен бірін құрайды. Қазіргі уақытта балалардың құқығын бұзу туралы фактілердің өсуі байқалады.

Шұғыл көмекті тиімді ұйымдастыру, балалардың құқығын бұзудың және зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында осы бағытта тиімді жұмыс атқаратын елдер - Австралия, Ұлыбритания, Канада, Сингапур, Швецияның тәжірибесі зерделенді. Атап айтқанда, бұл елдерде барлық мәселелер бойынша шұғыл көмекті әр адамға жеке көрсетіп, бір мезетте бірнеше  қызмет көрсетуші ұйымдарды қосу арқылы реттейтін бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығын қолданады.

Қазақстан Республикасында мұндай құралдың болмауына байланысты азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар әділдік іздеп БАҚ пен әлеуметтік желілерге жиі жүгінеді.

Бұл ретте елде мемлекеттік гранттар мен бюджет қаражаты бөлінетін бірқатар қоғамдық республикалық байланыс орталықтары, "сенім телефондары", өңірлік "қысқа нөмірлер" жұмыс істейді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл тәсіл тиімсіз және жұмыстың жүйелілігін қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, талдау барысында азаматтардың бұл қызметтердің бар екендігінен бейхабар екені анықталды.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі құзырлы орган жанынан 111 шұғыл қызмет құрылды, Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болды.

111 қызметі баланың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, лауазымды адамдардың шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) түскен шағымдарды қарауға бағытталған.

2019 жылы жобаны басқару Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Бұл ретте 111 қызметі барлық әлеуметтік көмек қызметтерімен (медициналық, әлеуметтік, өрт сөндіру және басқалар) интеграцияланды, бұл әрбір өтінішті нәтижеге дейін жеткізуге және қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік берді.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап 111 қызметі Отбасы істері және халықты әлеуметтік қорғау Кеңесінің бастамасымен AMANAT партиясының жанынан жұмыс істей бастады.

2023 жылғы қазанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде 111 қызметті ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін айқындады.

2023 жылғы 16 қазаннан бастап отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша дауыстық өтініштер қабылдауды КЕАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы қамтамасыз етеді.

111 қызметі әйелдер мен балаларға дер кезінде мемлекет тарапынан қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар отбасы саласындағы ең өткір проблемалардың мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.

111 қызметтің "осында және қазір" қағидаты бойынша қызметі шалғай өңірлерден келген азаматтарға көмек ұйымдастыруға, заңдылық пен әділдікті қалпына келтіруге, медициналық қызметтің, мемлекеттік қызметтер мен жәрдемақыларды алудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, қазақстандықтарды олардың құқықтары туралы хабардар етуге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына қатысты шағымдарға жедел жауап беруге, алаяқтардан зарар көргендерге құқықтық қолдау көрсетуге, жұмысқа орналасу, оқу бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу тәртібін түсіндіруге және т.б. көмек көрсетеді.

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәулік бойы тегін ұлттық желінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде келісілген іс-шараларды әзірлеу және іске асыру мақсатында ЦДИАӨМ, Amanat партиясы және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл арасында Меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 901 қаулысымен 111 нөмірі барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін тегін қосылатын қызметтер тізбесіне енгізілді.

111 қызметі 1414 Бірыңғай байланыс орталығы қызметіне ұқсас ұйымдастырылып, келесідей мүмкіндік береді:

- әр түрлі байланыс арналары - телефон қоңыраулары, аудио қоңыраулар, мәтіндік диалогтар арқылы азаматтарға кеңес беру, психологиялық көмек көрсету;

- қоңырауларды жазу мен  есеп беруді автоматтандыру;

- өтініштерді басқару және өңдеу, қолдау желілері арасында маршруттау үшін CRM қолдану;

- азаматтардан түскен қоңырауларға, өтініштерге, мәтіндік диалогтарға мониторинг жүргізу.

111 байланыс орталығы үзіліссіз, демалыс және мереке күндерісіз, тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Жедел медициналық көмек қызметінің (103), ішкі істер органдарының (102), өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің (101, 112), құқықтық көмектің (119), облыс әкімдіктерінің (109) құзыретіне кіретін өтініштер келіп түскен кезде қоңыраулар қайта бағытталады.

111 қызметінен күтілетін нәтиже:

1) әйелдер мен балалар құқығын бұзу деректерін азайту;

2) халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру;

3) азаматтардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күшін бір жерге шоғырландыру;

4) адам құқықтары саласындағы проблемалар туралы ақпаратты жинау, талдау және оларды республикалық деңгейде қорғау жөнінде шаралар әзірлеу.