Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың жұмыс кестесі

2023 жылғы 28 маусым мен 6 шілдеде Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары Құрбан Айт пен Астана күні мерекелеріне байланысты жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың қызметкерлері 7 және 8 шілдеде азаматтарды сағат 13:00-ге дейін қабылдайды.

Ал, 1 шілдеде еліміздің мамандандырылған ХҚКО-лары және Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып есептеледі. Осы күні ХҚКО-лар 18:00-ге дейін, МХҚО-лар 20:30-ға дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта шетелдік автокөлікті заңдастыруға болатын еліміздің МХҚО-лары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар азаматтарды 1 шілдеге дейін жұмыс күндері сағат 9:00–ден 19:00–ге дейін (құжаттарды беру-20:30-ға дейін), сенбіде-9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды.

Айта кетейік, ХҚКО жұмыс күндері азаматтарды 9:00–ден 18:00–ге дейін, кезекші ХҚКО-лар - жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбіде-9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-лар шетелдік автокөліктерді заңдастыру кезеңі аяқталғаннан кейін қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.