Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтерді көрсету тұрақтандырылды

Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтер мен тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметтері тұрақты жұмыс қалпына келтірілгенін хабарлайды. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дан «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» АЖ-ға деректерді көшіру сәтті аяқталып, казіргі уақытта іске қосу-реттеу жұмыстары жалғасуда.

Жылжымайтын мүлік желісі бойынша көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер әдеттегі түрде жұмыс істейді. Қызметтердің ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер алу, жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама алу және өзге де қызмет түрлері кіреді. Қызметтерге ХҚКО және Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе арқылы тапсырыс беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 5 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Мемлекеттік корпорация жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру мақсатында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізді.