Неке бұзылмаса, некеге дейінгі тегін қайтаруға бола ма?
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:
1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тектерінде қалса немесе некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегеннен кейін жұбайы (зайыбы) тегін басқасына ауыстырса, жұбайымен (зайыбымен) ортақ текте болғысы келген жұбайының (зайыбының) тілегі;
4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;
12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі;
13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.
Туу туралы куәлігімді жоғалтып алсам, қайда баруға болады?
Бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, сондай – ақ енгізілген өзгерістерге, толықтыруларға және түзетулерге байланысты мұрағаттық акт жазбасының негізінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік (бұдан әрі - қайталама куәлік) беріледі. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер кез келген тіркеуші орган азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу орнына қарамастан береді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе egov.kz. порталы арқылы электрондық түрде өтініш береді.
Неке қиюды тіркеу мемлекеттік қызметін өкіл арқылы (сенімхат бойынша) алуға болады ма?
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 186-бабының 4-тармағына сәйкес «Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге жол берілмейді».
Неке қабілеттілігі туралы анықтама қандай жағдайларда беріледі?
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беріледі.
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер негізінде береді.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар-жоғын тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі.
Анықтамалар алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) егер өтініш беруші бұрын некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiкті, анықтаманы немесе сот шешімін не жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлiкті немесе анықтаманы көрсетеді.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді жаңарту (түзету)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті қарау мерзімі?
Азаматтық хал актісінің мәліметтерін өзектендіру мүдделі адамның өтініші бойынша жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өзектендіруге арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді 1 (бір) жұмыс күн ішінде тексеруді жүзеге асырады. Егер АХАЖ АЖ-де және тіркеуші органда акт жазба болмаса, өтініш екінші данадан тексеру үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына жіберіледі. Тексеру 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Аумақтық әділет органының мұрағатында жазба болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күн ішінде АХАЖ АЖ-не азаматтық хал актілері жазбасын енгізу бойынша шаралар қабылдайды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпаратты қалай өзектендіруге (түзетуге) болады?
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін көрсетілетін қызметті алушы egov.kz порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық түрде өтініш береді.
Неліктен egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетте некеге тұру/ажырасу туралы ақпарат көрінбейді?
Мемлекеттік корпорация тіркеуші орган болып табылады.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілеріне жүйелік техникалық қызмет көрсету және қолдау операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) болып табылады. Осылайша, «ҰАТ» АҚ құзыреті бөлімдердің ақпараттық жүйелерінің техникалық өзара әрекеттесуі және олардағы ақпаратты дұрыс көрсету болып табылады.
Осыған байланысты ақпаратты көрсетуге қатысты «ҰАТ» АҚ-на хабарласу қажет.
Неке бұзу туралы сот шешімі 2020 жылдан кейін болса, неке бұзу туралы куәлік қажет пе?
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарылған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді, неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қойылады. Бұл жағдайда некені бұзу туралы куәлік берілмейді, сот шешімі баламалы болып саналады.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың 2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін шығарған шешімінің негізінде кез келген тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасын тіркейді не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қолданыстағы акт жазбасын толықтырады және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына міндетті түрде белгі қойылады. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы некені бұзу туралы куәлікті ала алады.
Қандай жағдайларда некені тіркеу мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін?
Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
Жекелеген жағдайларда неке (ерлі-зайыптылық) қиюды мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкiн.
Мемлекеттік некені тіркеу мерзімі?
Неке (ерлі-зайыптылық) некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген тұлғалардың қатысуымен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі.
Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Төлем сомасы 3 864 теңгені құрайды.