2024 жылғы 21 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті. Оған Директорлар кеңесінің мүшелері Н. Абаханов, М. Теміржанов, Б. Ташенев, З. Балиева, Е. Бердинов, К. Омаров, И. Талло қатысты.
Директорлар кеңесінің сырттай өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:
- Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарын жартыжылдық нақтылау (2024 жыл, I жартыжылдықты нақтылау) бекітілді;
- Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің басшысы тағайындалды;
Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі Комитеттерінің құрамы айқындалды.