Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Дүниежүзілік ақпарат берушілер күні: сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы бірге күресейік

Жыл сайын 23 маусымда Дүниежүзілік ақпарат берушілер күні атап өтіледі. Бұл күн лауазымдық қылмыстар мен алаяқтыққа қарсы күреске қоғамның назарын аударту үшін енгізілген.

Осы күні  біздің мақсатымыз – лауазымдық қылмыстармен күреске, мемлекеттік қызметтер саласындағы ашықтық пен тиімділікке назар аудару. 

Айта кетейік, қызметкерлер, сондай-ақ қызмет алушылар компанияның тәуекелдері туралы хабардар бере отыра, түйткілді мәселелерді жылдам шешу ықтималдығын арттыра алады және компания басшылығына бұрын белгісіз болған тәуекелдер жайлы ақпарат бере алады. Шешілмеген мәселелер мен процестер туралы түскен сигналдар жағымсыз салдарды азайту үшін шұғыл шаралар қабылдауға және қажет болған жағдайда одан әрі бұзушылықтарды болдырмау үшін бақылау процестерін қайта бағалауға  мүмкіндік береді. 

«Азаматтарға арналған үкімет»  қазақстандықтардан сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы күресте белсенді болуды сұрайды. Біз өз тарапымыздан заманауи технологияларды енгізуді, бюрократиялық кедергілерді азайтуды және қызметкерлерге іскерлік этика қағидаттарын үйретуді жалғастырамыз. Әрбір азамат мемлекеттік қызметтердің адал және ашық көрсетілетініне сенімді болатын, әділ және сенімді қоғамды бірге құра аламыз.

Естеріңізге сала кетейік, егер сіз Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдепті бұзу фактілерінің куәгері болсаңыз - бұл туралы ақпаратты 1414 нөмірі бойынша немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарлаңыз.