Бүгін Мемлекеттік корпорация қызметінің маңызды мәселелерін қарастыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беруге Директорлар кеңесінің 10 мүшесі қатысты: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ербол Оспанов, Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Руслан Манатаев, Әділет Вице-министрі Азамат Әмірғалиев, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенев, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрайымы Әсемгүл Балташева, сондай-ақ тәуелсіз директорлар Бектас Мұхамеджанов, Талло Ивар, Мұрат Ишмухамедов және Нұрлан Есембаев.
Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның жарияланған акцияларын орналастыру туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, мемлекеттік корпорацияның 2020 жылғы 3-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша Ішкі аудит қызметінің есебі, тәуекелдер картасы және тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп назарға алынды, сондай-ақ: Мемлекеттік корпорацияның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарының 2019 жылғы бөлігінің іске асырылуын бағалау, оның жартыжылдығын нақтылау (2020 жылдың 2-жарты жылын нақтылау, сәйкестендіруші: 14-160440007161-2016-004), Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (жыл – 2021, жыл сайынғы нақтылау, сәйкестендіргіш: 14-160440007161-2021-001) және Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің 2020 жылғы 2 және 3-тоқсандардағы жұмыс нәтижелілігі бекітілді.