«Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма аппаратының жобалау кеңсесі (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) 2022 жылғы 22 тамызда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің қолданбалы құрамдас бөлігін дамыту мақсатында Мемлекеттік корпорация қызметінің тиімділігін арттырудың процестік және жобалық тәсілдерінің енгізілетін құралдары арқылы Тәуекел-менеджмент департаменті мен Жобалық менеджмент департаментін біріктіру жолымен құрылды.
Жобалық кеңсенің қызметінде қолданылатын негізгі құжаттар - бұл Тредвей комиссиясының демеушілік ұйымдар комитетінің (COSO) «Ұйымдардың тәуекелдерін басқару. Интеграцияланған модель» (2016), «ішкі бақылау – интеграцияланған құрылым» (2013), Тәуекелдерді басқару саясаты, Ішкі бақылау жүйесінің саясаты, Бизнес-процестерді басқару саясаты, тұтастай алғанда тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың корпоративтік жүйелеріндамытужөніндегіпайымдауды,мақсаттар мен міндеттерді сипаттайтын сапа саласындағы саясат(бұдан әрі – ТБЖ және ІБЖ). Осыны ескере отырып, тәуекелдерді басқару жөніндегі қағидалар әзірленді (Мемлекеттік корпорация басқармасының 2020 жылғы 27 наурыздағы шешімімен бекітілген, № 01-02-04/07 хаттама), онда Мемлекеттік корпорацияда тәуекелдерді басқару тәртібі айқындалады, оның ішінде Мемлекеттік корпорацияның тәуекелдерін сәйкестендіру мен бағалауды жүргізу рәсімдері, тетіктері, сондай-ақ негізгі тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мониторинг егжей-тегжейлі баяндалады.
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің мақсаттары:
- Мемлекеттік корпорацияның ұзақ мерзімді құнының өсуі, оның тұрақты дамуы мен тәуекелдері арасындағы оңтайлы теңгерімге қол жеткізу;
- өндірістік/өндірістік емес тәуекелдерді басқару үшін Мемлекеттік корпорация пайдаланатын негізгі құралдарды, рәсімдерді айқындау;
- өндірістік/өндірістік емес тәуекелдерді басқару саласындағы тәуекел иелерінің жауапкершілік аймақтарын анықтау;
- тәуекелдерді басқару процесін қамтамасыз ететін ішкі құжаттарды анықтау.
Мемлекеттік корпорациядағы ТБЖ және ІБЖсаласындағы негізгі қағидаттар мен тәсілдер:
- әдістемелік базаның бірлігі;
- кешенділік;
- бейімделу;
- ақылға қонымды сенімділік;
- ақпараттандыру;
- үздіксіздік;
- нақты реттеу.
ТБЖ және ІБЖ құрылымы мақсаттардың 3 санатын көздейді:
- операциялық және қаржылық қызметтің мақсаттарын қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның бизнес-процестерінің тиімділігі мен нәтижелілігіне, сондай-ақ активтерді шығындардан қорғауға қатысты операциялық мақсаттар;
- реттеушілер белгілеген сенімділікті, уақтылықты, ашықтықты немесе басқа да шарттарды қамтитын ішкі және сыртқы қаржылық және қаржылық емес есептілікті қамтитын Есептіліктің мақсаттары;
- сәйкестік мақсаттары, оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы НҚА және Мемлекеттік корпорацияның СМЖ ІНҚ сақталуы жатады.
Мемлекеттік корпорациядағы ТБЖ және ІБЖ мынадай қағидаттарға негізделуі тиіс:
- үздіксіз жұмыс істеу;
- барлық ІБЖ субъектілерінің есептілігі;
- міндеттерді тиімді бөлу;
- бизнес-процестерді тиісті түрде келісу және бекіту;
- жауапкершілік;
- нақты өзара іс-қимыл және бизнес-процестерді ресімдеу;
- тұрақты даму және жетілдіру;
- ІБЖ-ның елеулі кемшіліктерін уақтылы анықтау және хабардар ету.
Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 262 н/қ бұйрығымен Мемлекеттік корпорацияның жобалық менеджмент департаментінің директоры Сақып Айдос Камалханұлы болыптағайындалды (2022 жылғы 22 тамыздан бастап Мемлекеттік корпорацияның жобалық кеңсесі).
Байланыс ақпараты: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Керей-Жәнібек Хандар көшесі 4.
Тел.: +7 (7172) 95 51 83 ( вн.299)
Эл. пошта: a.sakyp@gov4c.kz