Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Комплаенс бақылау қызметі (бұдан әрі – тиісінше Мемлекеттік корпорация, Қызмет) 2021 жылғы мамырда Мемлекеттік корпорацияның директорлар Кеңесінің шешімімен құрылды.

Қызмет жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және осы бағыт бойынша іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Қызметтің басты міндеті сыбайлас жемқорлық және алаяқтық құқық бұзушылықтардың алдын алу құралдарын енгізу, сондай-ақ аталған құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру болып табылады.

Үздік әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, Мемлекеттік корпорация Іскерлік этика кодексінде көрсетілген құндылықтарға, қағидаттарға және корпоративтік этика нормаларына негізделген қолданыстағы корпоративтік стандарттарды жақсартуға ұмтылады және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қатысты нөлдік төзімділікті ұстанады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының төмендеуін және мемлекеттік институттарға деген сенімнің жойылмауын болдырмау үшін Мемлекеттік корпорация қазақстандық және халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу және ескерту бойынша өзіне қосымша міндеттемелер қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясат барлық деңгейлерде парасаттылық, анықтылық және ашықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жалпы сәйкестік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Іскерлік әдеп кодексін бұзу немесе алаяқтық жағдайлары туралы білсеңіз, бұзушылықтар туралы бастамашылық ақпараттандырудың мамандандырылған арналарын пайдалана отырып, бұл туралы хабарлауға мүмкіндігіңіз бар:

Электрондық пошта: compliance.control@gov4c.kz

Бірыңғай байланыс орталығы: 1414

Біз құпиялылық пен анонимдікке КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ!

Маңызды!

Егер сіздің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуға немесе сапасына қатысты немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметіне байланысты басқа да мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болса, ресми сайтта көрсетілген тиісті байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.