Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Қоғамның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Жалғыз акционер) болып табылады.

Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарайды және шешімдерді қабылдайды.

Шешімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімі бойынша қабылданатын мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен акционерлердің және Жалғыз акционердің жалпы жиналыстарының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Жалғыз акционер өз бетінше қабылдайды.