-
Қоғамның органдары
- Корпоративтік құжаттар
-
Корпоративтік іс-шаралар
- Тәуекелдерді басқару жүйесі және ішкі бақылау
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 2024 жылғы 27 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1983
Білімі: жоғары, 2004 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, 2009 жылы «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Сондай-ақ Алматы Экономика және құқық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы банк саласында бастап, онда 12 жыл жұмыс істеді. Жеке секторда және мемлекеттік басқаруда (ҚР Ұлттық экономика министрлігі) жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ «Сарыарқа» ӘКК» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та басшылық қызметтерін атқарды.
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 26.12.2022 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған жылы: 16.01.1983 ж.
Білімі: Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін және М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген. Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жұмыс тәжірибесі:
2006-2008 жылдары - жекеменшік компанияда бағдарламашы болып қызмет еткен;
2008-2016 жылдары - «ҰАТ» АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарды;
2016-2017 жылдары - коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды;
2017-2020 жылдары - ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары;
2021 жылғы қаңтардан бастап ақпанға дейін - «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды;
2021 жылдың шілде айынан бастап - жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді.
Компанияның акцияларын, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерін иелену: жоқ
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 25.12.2018 жылғы шешімімен (№540 бұйрық).
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған жылы: 19.10.1977 жыл.
Білімі: 1999 жылы "Инженер-экономист" мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, 2002 жылы "Заңгер"мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
1999-2002 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің жетекші маманы.;
2002-2004 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алуды жоспарлау және кредит беру департаменті басқарма бастығының орынбасары, мемлекеттік қарыз алуды талдау және кредит беру басқармасының бастығы;
2004-2006 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары;
2006-2008 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары;
2008-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің бірқатар департаменттерінің басшысы;
2013-2018 жылдары - "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы;
2018 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы.
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1981 жылы туылған
Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін және Шеффилд Университетін тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі - экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.
Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған.
2002-2003 жылдары «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт» АФ құқықтық жұмыс бойынша бас маманы болып жұмыс атқарды.
2003 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда еңбек етті.
2012 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас эксперті, кеңесшісі лауазымын атқарды.
2017-2018 жылдары ҚР Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2018-2020 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 жылғы 26 мамырдан 2023 жылғы қазанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы 30 қазаннан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады.
- Ағымдағы уақытта толық емес жұмыс күні және басқа ұйымдардың директорлар кеңесіндегі мүшелік: ЖОҚ
- Мемлекеттік корпорацияның акцияларына иелік етуі: ЖОҚ
- Мемлекеттік корпорацияның орындаушылары мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етуі: ЖОҚ
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 15.01.2021 ж. шешімі (№8/НҚ бұйрық).
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 03.10.1958
Білімі: 1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасы (1998ж.), Мәскеу мемлекеттік технологиялық академиясының докторантурасы (1999ж.). Экономика ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қалыптастыру мәселелері және оларды шешу жолдары (теория және практика)» (1999ж.).
Жұмыс тәжірибесі:
1975-1976 жылдары – ОКТУ лаборанты;
1981-1982 жылдары – Жамбыл облыстық құрылыс банкінің заң кеңесшісі;
1982-1986 жылдары – Жамбыл қалалық атқару комитетінің заңгері;
1986-1992 жылдары – Алматы қалалық атқару комитетінің тұрғын үй алаңын есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы, бөлім меңгерушісі;
1992-1994 жылдары – Алматы қалалық әкімшілігі басшысы аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі;
1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформа жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;
1995-1996 жылдары – ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы;
1996-2005 жылдары – ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы;
2005-2009 жылдары – ҚР Әділет министрі.
Басқа лауазымдар:
- ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі (05.2005);
- ҚР Президенті жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі (06.2005);
- ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (2016-2018).
Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
- ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылымының депутаты;
- "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (2009-2011);
- "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (2011);
- V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2012 - 2016);
- "Нұр Отан" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (2016), "Нұр Отан" партиясынан VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2016).
Партияға қатыстылығы:
- "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (2006).
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
Ордендер: "Құрмет" (2001), "Парасат" (2011), "Астанаға 10 жыл" мерейтой медалі (2008),
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 29.09.2017 жылғы шешімімен (№352 бұйрық),
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы (Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 3 мамырдағы шешімімен сайланды (№01-01-02/02 хаттама).
Азаматтығы: Эстония Республикасы.
Туған жылы: 05.05.1964 жыл.
Білімі: 1987 жылы "Философия, саясаттану, шет тілдері" мамандығы бойынша Ленинград мемлекеттік университетін, 1990 жылы "Математикалық формальды логика және философия" мамандығы бойынша Ленинград мемлекеттік университетін, 1996 жылы Макгилл университетін бітірді. Саясаттану саласындағы PhD бағдарламасы, логика мамандығы бойынша аспирант, философия магистрі, PhD докторы.
Жұмыс тәжірибесі:
1991-1996 жылдары – кафедра ассистенті, ғылыми ассистент, Макгилл университеті, Монреаль, Квебек, Канада;
1993-1994 жылдары - Тарту университетінде азаматтық тәрбие жобасының (CEP) дәріскері;
1993-1994 жылдары - Эстония Үкіметінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі;
1996-2000 жылдары - Тарту университеті, Тарту, Эстония, Еврофакультет және мемлекеттік басқару кафедрасының оқытушысы және штаттан тыс доценті;
2002-2003 жылдары - Эстония үкіметі Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің төрағасы;
2003-2007 жылдары - Электрондық басқару академиясы (ҮЕҰ) мекемесінің бас директоры, ТМД, Шығыс Еуропа және Балқан елдеріне арналған ҒТТР жөніндегі өңірлік кеңесші, БҰҰ Даму Бағдарламасы;
2007-2009 жылдары - unitar (БҰҰ оқу және ғылыми-зерттеу институты) бағдарламалар бойынша аға қызметкер, менеджер;
2009-2017 жылдары - Электрондық басқару академиясының (ҮЕҰ) Басқарма мүшесі, Қадағалау кеңесінің мүшесі (2012 жылдан бастап);
2017-2018 жылдары - Украинаның цифрландыруға дайындығын бағалаудың еуропалық жобасының жетекшісі;
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Украинадағы "Құқық-Джастис" еуропалық жобасының электрондық сот төрелігі компонентінің басшысы.
Басқа сайланбалы қызметтері: Эстония Парламенті Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы Эстония делегациясының мүшесі, Лосси 1a, Таллин (1999-2002), Эстония Парламентінің конституциялық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі, Лосси 1a, Таллин (1999-2001 жж.).
Компанияның, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 2024 жылғы 6 маусым
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1983 жылғы 8 ақпан
Білімі: жоғары, 2000-2004жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұллтық университеті, Экономика және құқық институты, мамандығы - Банк ісі, 2014-2016жж. Мәскеу мемлекеттік университеті, мамандандығы - стратегиялық маркетинг, 2016 ж. Leadership International Institute, Халықаралық бизнес көшбасшылығы курсы, 2021 ж. IoD UK (Institute of Directors) IoD Chartered Director халықаралық біліктілігі.
Жұмыс тәжірибесі:
2003-2005 жж. – Алматы қ. «БАСКО» ЖШС Қазақстан Республикасындағы Сибнефть» ААҚ өкілдігінің Сыртқы экономикалық бөлімінің менеджері;
2005-2007 жж. - Алматы қ. «БИОХИМ» АҚ қаржы талдаушысы, Дюссельдорф, Кельн, Франкфурт;
2007-2008 жж. - СҚО филиалының директоры - Тайынша қ. «БИОХИМ» АҚ зауытының директоры;
2008-2013 жж. - Алматы қ. «Tamgaly Group» ЖШС акционері және бас директоры;
2013-2023 жж. - Алматы қ. «Еуразия СК» АҚ Басқарушы директоры;
2024 жылы осы уақытқа дейін – «Rhino Group» холдингінің бас директоры.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1975 жылы 29 қыркүйек
Білімі: Х. Дулати атындағы Тараз университеті, экономист мамандығы бойынша;
Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы (Нархоз), «Қаржы, ақша айналымы және кредит» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты;
Maqsut Narikbaev Universiti, «Бәсекелестік құқық» мамандығы бойынша, құқық магистрі.
Біліктілікті арттыру: CIPFA (Қоғамдық қаржы және бухгалтерлік есеп институты, Ұлыбритания), «Мемлекеттік сектор аудиторы» халықаралық біліктілігі берілген CIPFA дипломы;
Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасы, Жоғары санатты мемлекеттік аудитор.
Жұмыс тәжірибесі:
1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасы Құрылыс министрлігінің «Қаратаухимстрой» трестінің материалдық бухгалтері;
1994 жыл - 1998 жж. - Жамбыл облыстық статистика департаментінің баға және баға белгілеу бөлімінің экономисі;
1998-2000 жж. - Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының (Нархоз) оқытушысы;
2000-2002 жж. - «Қазақстан техникалық орталығы» ЖШС коммерциялық директоры;
2002-2006 жж. - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік ревизоры;
2006-2008 жж. - Астана қаласындағы «Данабанк» АҚ директорының орынбасары;
2008-2017 жж. - Жиынтық-талдау бөлімінің, Квазимемлекеттік сектор субъектілерін бақылау бөлімінің, Мемлекеттік аудит бөлімінің, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің, Ққаржыны басқарудың мемлекеттік аудит бөлімінің меңгерушісі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы;
2017-2018 жж. - «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы).
2018-2019 жж. - Түркия Республикасында «Корпорация Анталия Бронз Кастинг» АҚБ вице-президенті;
2019-2020 жж. - «CSI групп» консалтингтік компаниясының басқарушы серіктесі, «CSI kapital» инвестициялық компаниясының Бас директоры;
2020-2021 жж. - «TSC Global Singapore – Kazakhstan» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Басқарушы серіктесі;
2021-2022 жж. - UNCOCLUP - «Халықаралық бәсекелестік құқық, инновация және саясат орталығы» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Бас директоры .
Мемлекеттік және өзге де наградалар, көтермелеулер:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған;
Мерейтойлық және ведомстволық медальдар;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері» құрмет белгісі;
«Кероглу» және «Абай» (Анкара қаласы Түркия Республикасы) жобаларын жүзеге асырғаны үшін ТҮРКСОЙ халықаралық медалімен марапатталған;
«Қазақстанның үздік тәуелсіз директоры – 2023» номинациясының жеңімпазы.
Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі: иелігінде жоқ.