Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Жұмыспен қамтудың ашықтығы Мемлекеттік корпорацияның басым міндеті болып табылады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жұмысқа орналасуға үміткерлерді Мемлекеттік корпорациядағы бос лауазымға орналасу қағидаларына сәйкес конкурстық негізде іріктейді.

Бұл Қағидалар 2022 жылдың 11 шілдесінде Басқарма шешімімен бекітілген болатын. Айта кетер болсақ, олар Мемлекеттік корпорацияның сайтында «Мансап» бөлімінде жалпыға қолжетімді.

Бос лауазымдарға конкурс бірқатар кезеңдерді қамтиды: 1) бос лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау; 2) бос лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау; 3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау; 4) бос лауазымдарға орналасуға үміткерлермен әңгімелесу.

2023 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация 2285 бос лауазымға орналасуға конкурс жариялады. Қатысуға 1940 үміткер өтініш білдірсе, оның 112-сі Мемлекеттік корпорацияның қазіргі қызметкерлері. Әңгімелесуге 2036 адам жіберіліп, оның 1258-і конкурстық комиссияның оң шешімін алып, жұмысқа қабылданды.

Мемлекеттік корпорацияға жұмысқа орналасу кезінде қандай да бір бұзушылықтар туралы ақпарат болса, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен алаяқтықты жою үшін Комплаенс бақылау қызметіне хабарласу қажеттігін алға тартамыз. Ол үшін 1414 нөміріне қоңырау шалып немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына жазсаңыз да болады.