Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Мемлекеттік корпорация мен ЦентрКредит Банкі бірлесіп халыққа қызмет көрсететін кеңселерді ашады


Астана және Қосшы қалаларында үш бірлескен халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Енді клиенттер ХҚКО қызметтері мен банк қызметтерін бір бөлімшеден ала алады.



    Бірлескен тараптар аталмыш келісімнің аясында үлкен нәтижеге қол жеткізетіндігіне сенімді. Бөлімшелерде азаматтар мемлекеттік қызметтердің барлық түрін ала алады. Ұсынылатын қызметтердің тізімінде құжаттау, жер-кадастрлық және әлеуметтік блоктың қызметтері бар. Одан бөлек, ЦентрКредит Банкінің қызметтерін пайдалана отырып, азаматтар зейнетақы немесе жәрдемақы алу үшін төлем карточкаларын рәсімдей алады. Заңды тұлғалар ЖШС-ны тіркеу үшін ХҚКО-ға жүгінген кезде, бір уақытта банктен шот аштыруға мүмкіндігі бар. Азаматтар аталған барлық қызметтерді бір ғимараттың ішінен шықпай-ақ рәсімдей алады.



    ХҚКО және ЦКБ клиенттері үшін бұл ынтымақтастықтың тиімділігі мол. Мәселен, егер азаматтар жылжымайтын мүлік кепілімен несие алу үшін ЦКБ-ға жүгінген кезде құжаттарында қателік байқалса, оларға ХҚКО баруға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Себебі, бір бөлімшеде ХҚКО операторы арқылы құжаттарын түзетуге өтінім бере алады.



     ХҚКО және ЦКБ қызметтерін келесі мекенжайлар бойынша алуға болады:



     - Астана қ,Тәуелсіздік даңғ, 16/1;



     - Астана қ, Сатпаев к-сі, 25;



     - Қосшы қ, Республика к-сі, 62.



    Айта кетейік, бірлескен ХҚКО инфрақұрылымдарын ЦентрКредит Банкі ұсынды. ЦентрКредит Банкі мен Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде серіктестер болып табылады. Шетел азаматтарының ағыны кезінде ЦКБ мамандары мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне септігін тигізді. Үш ай ішінде қызметкерлер шетелдік азаматтарға 4 мыңнан астам ЖСН құжаттарын рәсімдеуге көмектесті.