Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) корпоративтік хатшысы – Директорлар кеңесінің және Басқарманың мүшесі болып есептелмейтін, Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалатын және Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесіне есеп беретін мемлекеттік корпорацияның қызметкері.

Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының құзыреті мен қызметі Мемлекеттік корпорацияның ішкі құжаттарымен айқындалады.

Корпоративтік хатшының қызметі шеңберіндегі негізгі міндеттері:

1) Мемлекеттік корпорацияның органдары мен лауазымды адамдарының жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға және қорғауға кепілдік беретін корпоративтік басқару қағидалары мен рәсімдерін сақтауын, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның корпоративтік басқару кодексінің ережелерін қолдануын қамтамасыз ету және оның орындалуына мониторинг жүргізу;

2) Мемлекеттік корпорацияның Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдерін дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік корпорацияның және оның комитеттерінің Директорлар кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;

4) Мемлекеттік Корпорация туралы Елеулі ақпарат беруді қамтамасыз ету;

5) Мемлекеттік корпорация мен жалғыз акционер арасындағы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация органдары арасындағы нақты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесінің 2020 жылғы 21 шілдедегі шешімімен Мемлекеттік корпорацияның корпоративтік хатшысы лауазымына Үмбетияр Айдос Талғатұлы тағайындалды.

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., Нұра ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 4.

Телефоны: 7-(7172)-95-50-38 (ішкі 111).

Электрондық пошта: a.umbetiyar@gov4c.kz