Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Жылжымайтын мүлік кепілінің 67%-ы онлайн режимінде тіркеледі

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды онлайн тіркеуді жөн көреді. Өткен жылмен салыстырғанда "Blockchain" технологиясы арқылы жасалатын мәмілелер саны 2,5 есеге артты. 2024 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 25 мың операция жасалды.

Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы кепілді (қайта кепілге қоюды) және оның тоқтатылуын онлайн режимде тіркеуге болады. Айта кетейік, бұл қызмет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында сұранысқа ие.

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді және шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу мүмкіндігін іске асырды. Бұған қоса, тұрғын емес үй-жайлармен кепілді тіркеу де қолжетімді болды.

Айта кетерлігі, Blockchain технологиясы банктердің жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы несие беру кезіндегі несиелерді онлайн рәсімдеуді жеңілдетеді, шығындарды азайтады және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартады. Сонымен, Blockchain пәтерді рәсімдеу уақытын 3 күннен 1 сағатқа дейін қысқартты.