«Азаматтарға арналған үкімет» сыйлық жасауда іскерлік этикет нормаларын сақтауға шақырады
Наурыз – халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеудің маңыздылығын еске салатын жақсы тілектермен алмасу және кездесу уақыты. Бұл мерекеде сыйлықтың маңыздылығы материалдық маңыздылыққа қарағанда құрмет пен қамқорлық көрсету сияқты рухани маңыздылыққа ие.
Мемлекеттік корпорация өзінің барлық қызметкерлеріне, көрсетілетін қызметті алушыларға, серіктестер мен контрагенттерге сыйлықтар мен өкілдік іс-шаралар саласындағы саясатты сақтау қажеттігін еске салады. Сыйлықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі, ақылға қонымды шеңберден аспауы және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық ниеттер туралы сұрақтар туғызбауы тиіс. Лауазымдық міндеттерін атқарғаны үшін сыйлықтар беруге жол берілмейді.