Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Астанада «Құжаттама терминалы» жобасының ауқымы кеңейтілді

Астананың бес халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттама терминалдары орнатылды. Бұған дейін елордадағы Керей Жәнібек хандар көшесі, 4 мекенжайындағы ХҚО-да Мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасының тұсаукесері өткен болатын. Астана қаласының бес қызмет көрсету орталығында төлқұжат пен жеке куәлікке өз бетінше өтінім берулері үшін тағы жеті терминал орнатылды.

Бүгін Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің делегациясы елордадағы терминалдар орнатылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде болды. Көрші мемлекет өкілдеріне іс-қимыл алгоритмі мен құжаттама жобасының функционалдығы көрсетілді. Бұл ретте ХҚО-дағы технология мен сервистің жоғары деңгейде дамығанын жоғары бағалады.

«Біз мемлекеттік қызметтерді сапалы және жылдам көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осы мақсатта биыл Астана мен Алматы қалаларындағы ХҚО-ларында терминалдар орнаттық. Жобаның іске қосылғанынан бері 10 мыңнан астам өтініш түскен. Жоба қызмет алушылар арасында сұранысқа ие болғандықтан, біз оның қолдану аясын кеңейтуді жөн көрдік. Айтпақшы, терминалды әзірлеу кезінде барлық тәуекелдер ескерілді, ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау қамтамасыз етілді. Бұл да бүгін Өзбекстаннан келген делегацияға таныстырылды», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Астана қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлқұжат пен жеке куәлікті дайындау терминалы арқылы келесі мекенжайлар бойынша өтініш беруге болады:

- Керей, Жәнібек хандар к-сі, 4;

- Мәңгілік ел даңғылы, 30;

- Республика даңғылы, 43;

- Тәуелсіздік даңғылы, 16/1;

- Иманов к-сі, 20;

- Е.Серкебаев к-сі, 13;

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Сәтбаев к-сі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан ХҚО-да да аталмыш терминал қосылатын болады. Осылайша, Мемлекеттік корпорация Астана қаласының барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын терминалдармен қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетсек, өтінішті терминал арқылы жіберген кезде жүйе клиентті суретке түсірген соң ең жақсы фотосуретті таңдауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін QR кодты пайдаланып мемлекеттік бажды төлеу керек. Айтпақшы, терминал жеңілдігі бар санаттағы азаматтарды баж төлеуден босатылатындай етіп бағдарланған.