Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Алматыда коммуналдық қызметтермен автоматты түрде шарт жасасудың онлайн қызметі іске қосылды

Алматы қаласында 2023 жылдың 9 қарашасынан бастап коммуналдық қызметтермен автоматты шарт жасасудың онлайн-сервисі іске қосылды. Бұл жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласының әкімдігімен бірігіп іске асыруда.

Коммуналдық қызмет ұсынушылармен автоматты шарт жасасу рәсімін жеңілдету және онлайн-сервисті енгізу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін коммуналдық қызметтер сервистерімен және мобильді азаматтар базасымен интеграциялады.

«Баспана сатып алғаннан кейін алматылықтарға ialma сайтына сілтеме жасай отырып, коммуналдық қызметтермен автоматты режимде шарт жасасу мүмкіндігі туралы айтылған құттықтау SMS-хабарламасы келеді. Меншік иесі келісім берген жағдайда ақпарат автоматты түрде "Қалалық қызметтер порталы" ақпараттық жүйесіне беріледі. Одан кейін мүлік иесіне дайын құжатқа сілтеме көрсетілген SMS жіберіледі. Біз бұл онлайн-сервисті 2022 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Астана қаласында сәтті жүзеге асырып келеміз. Сервис іске қосылған сәттен бастап елордада 80 мыңнан астам қызмет көрсетілді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен автоматты шарт жасасудың онлайн-сервисін жыл соңына дейін Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында енгізу жоспарлануда. Қалған өңірлерде жүйеге қосылу 2024 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін жоспарланып отыр.