Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу туралы айтылды

Мемлекеттік қызметтерді алу үдерістерін барынша жеңілдету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың ең тиімді жолы болып табылады.

Осылайша, алдағы 7 жылда процестерді жеңілдету бойынша келесі міндеттер қойылды: адами факторды толығымен жою және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге кететін уақытты қысқарту, барлық мемлекеттік қызметтердің кемінде 90%-ын электрондық форматта көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50%-ын проактивті форматқа көшіру.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін халық арасында кең танымалдыққа ие болған бірқатар цифрлық шешімдер енгізілді. Мысалы, әртүрлі мобильді қосымшаларда цифрлық құжаттардың қолжетімді болуы, мобильді қызметтер арқылы белгілі бір мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік. Бұл сыбайлас жемқорлық факторларының бірі болып табылатын бюрократияны жоюдың тиімді құралы екендігін көрсетті.

Мемлекеттік қызметтерді алуда сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алудың маңызды тағы бір жолы халықтың өтініштеріне жедел жауап беру. Дегенмен, нәтижеге келесі екі жағдайда қол жеткізуге болады:

- сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік тұрғысынан белсенді азаматтық ұстанымның болуы;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың барлық фактілері туралы Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс-бақылау қызметіне уақтылы хабарлау.

Естеріңізге сала кетейік, егер Сізде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе мемлекеттік қызметті алу процесінде этика нормаларын бұзу фактілері туралы ақпарат болса, дереу 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.