Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті

2023 жылдың 29 қыркүйегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Ә.Н. Тұрысов, Б.А. Бекбауов, Б.Х. Ташенев, С.Т. Абдильдин, М.Б. Темиржанов, З.Я. Балиева, Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова.

Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:

Мемлекеттік корпорацияның 2023 жылдың І жартыжылдығындағы тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы, Мемлекеттік корпорация Ішкі аудит қызметінің 2023 жылдың II тоқсанындағы жұмыс қорытындылары бойынша есептері бекітілді.

Сонымен қатар, Ж. Сәдуақасова Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің контрагенттерді кешенді тексеру жөніндегі бас менеджері лауазымына, Д.М. Коканов, Б.С. Казбеков комплаенс талдаушылары лауазымдарына тағайындалды.