Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті

2023 жылғы 21 шілде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Ә.Н. Тұрысов, Е.Д., Оспанов, Б.А. Бекбауов, Б.Х. Ташенев, С.Т. Абдильдин, Балиева З.Я., Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданған:

Мемлекеттік корпорацияның 2022 жылғы жылдық есебі, Мемлекеттік корпорацияның 2022 жылғы 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есеп, 2022 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша басқарма төрағасы мен мүшелеріне берілетін сыйлықақының қорытынды нәтижелілігі мен мөлшері, 2023 жылғы 2 тоқсандағы Комплаенс бақылау қызметінің есебі, Мемлекеттік корпорацияның 2023-2023 жылдарға арналған Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай ақ Мемлекеттік корпорацияның комплаенс бақылау қызметі және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс қимыл саясаты туралы ереже жаңа редакцияларда бекітілген, Мемлекеттік корпорацияны бастамашылық ақпараттандыру саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, Ішкі аудит және Комплаенс бақылау қызметтеріндегі бірліктердің қысқаруы қолдау тапты. Бұдан басқа, Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс талдаушысы А.А. Сейтеновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылданды, Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс талдаушысы Б.Е. Қалиевтің өкілеттігі жаңа мерзімге ұзартылды, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс талдаушысы С.М. Хусаинов тағайындалды, Мемлекеттік корпорацияның корпоративтік хатшысы З.М. Алдабергенованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және жаңа Корпоративтік хатшы тағайындалды Мемлекеттік корпорация Үмбетияр А.Т.