Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Мәжіліс депутаттары Мемлекеттік корпорация мен Жоғарғы Соттың базаларын біріктіруді ұсынды

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының» ақпараттық жүйесін Жоғарғы Соттың базасымен біріктіруді ұсынды. Осылайша, заңды күшіне енген сот актісі бірден Мемлекеттік корпорация жүйесіне түседі. Бұл жоба кеше өткізілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының консультативтік кеңестің отырысында айтылды.

Консультативтік кеңестің отырысы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттары әрі консультативтік кеңестің мүшелері Мұрат Әбенов, Марат Башимов, Данабек Исабековтің, сондай-ақ, кеңес жұмысына қатысуға ниет білдірген Бақытжан Базарбек пен Олжас Құспековтың қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының орталық кеңсесінде өткізілді.

Отырыс алдында кеңес мүшелері Мемлекеттік корпорацияның жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығымен және Операциялық департаментінің жұмысымен танысты. Оларға Мемлекеттік корпорацияның негізгі өндірістік жобалары көрсетілді. Мәселен, азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу жұмыстары жүргізілетін бірыңғай eОtinish платформасы, сондай-ақ, «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының» ақпараттық жүйесі таныстырылды.

Кеңес мүшелері отырыс барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 2022 жылы атқарылған жұмыстарымен танысып, сондай-ақ, 2023 жылға қойылған мақсаттарды талқылады.

Айта кетейік, Мемлекеттік корпорация арқылы жылына 17 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. ХҚКО-ларға айына бір жарым млн қызмет алушы жүгінсе, күніне 100 мыңға жуық өтініш қабылданады.

Отырыс қорытындысы бойынша консультативтік кеңестің мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында бірқатар ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті және жер кадастрын тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді жетілдіру бойынша жобалар ұсынылды.

Мәжіліс депутаттары ұсынған негізгі мәселелердің бірі– «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін Жоғарғы Соттың базасымен біріктіру. Бұл жоба заңды күшіне енген сот актісінің Мемлекеттік корпорация жүйесіне автоматты түрде түсуіне мүмкіндік береді. Бұл бастаманы жетілдіру мақсатында халық қалаулылары «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бірқатар жобаларды дайындауды ұсынды.

Отырысты қорытындылай келе Мәжіліс депутаттары халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында заңнамалық деңгейде қажетті бірқатар жобаларды жетілдіру үшін Мемлекеттік корпорацияға қолдау білдіретіндерін айтты.

Консультативтік кеңестің қызметінің негізгі қағидаттары - ашықтық пен тиімділік. Кеңес мүшелері Мемлекеттік корпорацияның жұмысына бей-жай қарамайтын, сындарлы сын мен жұмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар айта алатын бір топ азаматтардан құрылғанын атап өтеміз.

Анықтама үшін: консультативтік кеңестің қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету және Мемлекеттік корпорация ұсынатын қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында жүргізілетін шараларды жетілдіру үшін құрылған.