Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың жұмыс кестесі

2023 жылы қазақстандықтар мамыр айында: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы мерекелерге байланысты Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚО-лары 1, 8 және 9 мамыр күндері жұмыс істемейтінін хабарлайды.

Айта кетейік, сенбі 6 мамыр күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі. Мерекелерден кейін 10 мамырда барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар -жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.