Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Астанада екі жаңа ХҚО іске қосылды

Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан ХҚО-ның жабылуына байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» екі жаңа ХҚО-ны ашу туралы шешім қабылдады. Жаңа ХҚО-лар Тәуелсіздік даңғылы, 16/1 және Қ.Сәтпаев көшесі, 25 мекенжайларында орналасқан.

Жаңа ХҚО-ларда сапалы қызмет көрсетуге арналған қажетті жабдықтардың барлығы орнатылған. Сонымен қатар, ғимаратта құжаттама аймағы, жылдамдық аймағы, әлеуметтік қызметтер аймағы және жер кадастры қызметтерін көрсету бөлімі бар. Сондай-ақ, ХҚО-ларда Е-нәтиже аймағын қолдану арқылы, клиенттер мемлекеттік органға өтініш бере алады.

Жаңа орталықтарда зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар мен бөлек қызмет көрсетететін бөлімдер қарастырылған.

Айта кетейік, Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан ХҚО 30 желтоқсанда жабылған болатын. Тәуелсіздік даңғылы, 16/1 және Қ.Сәтпаев көшесі, 25 мекенжайы бойынша ашылған жаңа ХҚО-лар, клиенттерді жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін қабылдайды.