Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша отырыс өтті

2022 жылғы 29 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) Директорлар кеңесінің көшпелі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Ә.Н. Тұрысов, Е.Д. Оспанов, С.Т. Абдильдин, З.Я. Балиева, Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:

Мемлекеттік корпорацияның 2021 жылғы қызметі туралы жылдық есеп, Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есеп, Мемлекеттік корпорацияның Бақылау комплаенс қызметін дамыту бағдарламасы, Мемлекеттік корпорацияда мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу саясаты, Мемлекеттік корпорацияның Сыйлықтар, мәдени-ойын-сауық және өзге де өкілдік іс-шаралар саласындағы саясаты, Мемлекеттік корпорацияның төрағасы мен мүшелеріне арналған түйінді қызмет көрсеткіштерінің картасы бекітілді,  Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің штат саны артты, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшелерінің саны 2022 жылға артып, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы мен мүшелеріне сыйлықақы беру туралы шешім қабылданды және 2021 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша олардың сыйақы мөлшері бекітілді.

Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі 2017 жылғы 04 қыркүйектегі №01-01-02/10 бекіткен Мемлекеттік корпорацияның активтерін сату қағидаларының күші жойылды және Мемлекеттік корпорацияның атқарушы органына аталған Қағидаларды өзінің шешімімен бекіту тапсырылды.

Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс талдаушысы болып Бауыржан Ерсайынұлы Қалиев тағайындалды.