Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Жасөспірімге алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады

Еліміздің ХҚО бөлімдері жұмысына қатысты жиі қойылатын сұрақтардың біріне жауап берейік.

ҚР Заңы бойынша қазақстандықтар 16 жасқа толғанда өзінің алғашқы жеке куәлігін алуы тиіс. Біз оны ресімдеу жолдарын бүгінгі материалда қарастырамыз.

Жеке куәлікті ресімдеу үшін ата-анасының бірі мен жасөспірімнің өзі ХҚО-ға жүгінеді. Өзімен бірге үш құжат болуы қажет: жасөспірімнің туу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің жеке куәлігі, 0,2 АЕК (636 теңге) құрайтын мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. Болған жағдайда паспортты да қосымша ұсыну керек.

Құжатты ресімдеу кезінде баланың өзі болуы міндетті. Сонымен қатар, ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуына нотариалды куәландырылған өтініш-келісімін қоса ұсынуы қажет.

Куәліктің жарамдылық мерзімі 10 жыл.