Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Мемлекеттік корпорацияның Павлодар облысы бойынша филиалына жаңа директор тағайындалды

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма аппаратының басшысы Асқар Мұсан мемлекеттік корпорацияның Павлодар облысы бойынша филиалының ұжымына жаңа директорды таныстырды, енді аймақтық филиалды Талғат Асқаров басқарады.

Талғат Асқаров бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Басқарма аппаратының құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарған. "Халықаралық экономикалық қатынастар" және "құқықтану" мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық құрылымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда түрлі лауазымдарда бастады. 2005 жылдан бастап орталық органдарда мемлекеттік қызметте: ҚР Парламентінің Мәжілісінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Заң департаментінің нормативтік-құқықтық актілер басқармасының басшысы, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті болып жұмыс істеген. 2018 жылдан - "Азаматтарға арналған үкіметтің" құқықтық қамтамасыз ету департаментінің орынбасары, кейін директоры болған.

Талғат Асқаров 2021 жылдың көктемінде "Дарындылар пулында" іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, мемлекеттік корпорацияның кадр резервіне енген болатын. Енді ол филиал директоры лауазымына тағайындалды.