Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2024 жылғы 31 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Н.Б. Абаханов, М.Б. Теміржанов, А.Ш. Кенжеғалиев, З.Я. Балиева, Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова қатысты.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:

Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды.

Мемлекеттік корпорацияның ұйымдық құрылымына өзгерістер және жалпы штат саны, жаңа редакциядағы Мемлекеттік корпорацияның Тәуекелдерді басқару саясаты бекітілді, жылдық қаржылық есептілік те алдын ала бекітілді, Мемлекеттік корпорацияның 2023 жылғы таза кірісін бөлу тәртібіне қатысты ұсыныстар қарастырылып, кейіннен Жалғыз акционердің бекітуіне шығарылды.

Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау және Ішкі аудит қызметтері жұмыскерлерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылып, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің жұмыскерлері тағайындалды.

Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын жартыжылдық нақтылауды бекіту туралы (2024 жыл, I жартыжылдықты нақтылау), Мемлекеттік корпорацияның 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы мәселелер, 2024 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындылары бойынша Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің есебі қаралды.