Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Әрбір дауыс маңызды: әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Комплаенс бақылау қызметі ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы сыбайлас жемқорлық және алаяқтық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы Мемлекеттік корпорация жұмыскерлері тарапынан лауазымдық құқық бұзушылықтарға тап болған азаматтар немесе аталған салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру жөнінде ұсыныстары бар азаматтар жұмыс тобына енгізілуі не өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына 14 маусымға дейін жіберуіне болады.

Әрбір дауыс тыңдалады және әрбір өтініш ескеріледі.