Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2024 жылғы 23 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Ә.Н. Тұрысов, Б.А. Бекбауов, Б.Х. Ташенев, А.Ш. Кенжегалиев, З.Я. Балиева, Е.Н. Бегимбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова қатысты.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:

Мемлекеттік корпорация Басқармасының Мемлекеттік корпорациянының 2022-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру туралы 2023 жылғы есебі, жаңа редакцияда Мемлекеттік корпорацияның Ішкі бақылау жүйесі саясаты, Мемлекеттік корпорацияның Іскерлік әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Ішкі аудит қызметі мен Комплаенс бақылау қызметінің сандық құрамы, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар бекітілген.

Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау және Ішкі аудит қызметтері жұмыскерлерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, сондай-ақ осы қызметтердің жұмыскерлері тағайындалды.

Сонымен қатар 2023 жылға квазимемлекеттік сектор субъектісі - Мемлекеттік корпорацияның арнайы мақсаттағы аудитін жүргізу қызметтеріне төлем мөлшері айқындалды.

2023 жылғы Мемлекеттік корпорация активтерін іске асыру мәртебесі туралы ақпарат, 2023 жылдың екінші жартыжылдығындағы Мемлекеттік корпорацияның тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп, Мемлекеттік корпорация Омбудсмені қызметінің нәтижелері туралы 2023 жылғы есеп, 2023 жылғы IV тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша Мемлекеттік корпорацияның комплаенс бақылау қызметінің есебі, Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің, оның Комитеттерінің және Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының жұмысы туралы 2023 жылғы есебі қаралды.