Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Қазақстандықтарға жылжымайтын мүліктеріне қатысты өзгерістер жайлы хабарлама келетін болады

Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік құқықтық кадастрда құқықтарды тіркеу, өзгерту және тоқтату туралы азаматтарды хабардар ету үшін цифрлық сервисті әзірледі.

Енді қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мүлікке салынған ауыртпалықтар, шектеулер, заңды талаптар туралы, сондай-ақ электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі қате мәліметтерді түзету туралы хабарламалар алатын болады. Айтпақшы, енгізілген өзгерістер туралы ақпарат «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде сақталатын болады.

Азаматтар өздерінің жылжымайтын мүліктеріне қатысты мемлекеттік құқықтық кадастрда жасалған барлық әрекеттерді көре алады. Хабарламалар eGov.kz сайтынан хабарламалар мен PUSH хабарландыруларымен бірге жүретін болады. Жаңашылдық «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры» ақпараттық жүйесін енгізу барысында жүзеге асырылатын процестерді автоматтандыру аясында әзірленді.

Хабарламаларды жіберу сервисін енгізу азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін, қабылданатын барлық әрекеттерді бақылауды және ақпаратқа жылдам қол жеткізудің қолжетімділігін қамтамасыз ететінін атап өткен жөн.