Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті

2023 жылғы 22 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Ә.Н. Тұрысов, Б.А. Бекбауов, Ташенев Б.Х., З.Я. Балиева, Е.Н. Бегимбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова қатысты.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:

Директорлар кеңесінің, Омбудсменнің, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау және Ішкі аудит қызметтерінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары, жаңа редакциядағы Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу саясаты, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау және Ішкі аудит қызметтері жұмыскерлерінің және Корпоративтік хатшысы қызметінің мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің карталары, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау және Ішкі аудит қызметтерінің бюджеті, жаңа редакциядағы Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметі, Комплаенс бақылау қызметі жұмыскерлерінің және Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысы қызметінің тиімділігін бағалау қағидалары, Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже бекітілді.

Қазбек Дәмет Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің басшысы болып тағайындалып, оның өкілеттік мерзімі мен лауазымдық жалақысының мөлшері айқындалды, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс-талдаушысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі Комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізілді және Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және этика жөніндегі комитеті туралы ережеге де өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.