Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорация өзіне серіктес іздейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ фронт-офис операторларын қызмет алушылардан төлемдерді қабылдау үшін POS-терминалдармен тегін жабдықтау мақсатында екінші деңгейлі банктермен  ынтымақтастыққа ашық екендігін алға тартады.

Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді көрсетуде азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызметтерді жетілдіру, оның ішінде мемлекеттік баждарды төлеудің баламалы әдістерін қосу бойынша ұдайы жұмыстар  жүргізіп отырады.

Екінші деңгейлі банкпен ынтымақтасу клиентке қызметтерді алу кезінде мемлекеттік бажды төлеуге қолайлы банк картасын таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтар NFC функциясы арқылы да төлем жасай алады деп жоспарлануда. Ал, банктер үшін бұл ынтымақтастық төлем операцияларын арттыруға көмектеседі.

Ұсыныстарды k.yerbulatov@gov4c.kz электронды поштасы немесе +7 (7172) 95-50-38 (ішкі 427) байланыс телефоны арқылы жіберуге болады.