Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы қызметтер жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы көрсетіле бастады

Мемлекеттік корпорация ағымдағы жылдың 5-9 мамыр аралығында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасынан «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының» жаңа ақпараттық жүйесіне көшуі бойынша техникалық жұмыстар жүргізілгенін хабарлайды. Барлық деректер сәтті көшірілді.

Жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтер көрсету мереке күндері қолжетімсіз болды. Себебі, мереке күндері жаңа жүйеге мәліметтерді көшіру жұмыстары жоспарланғанын атап өтеміз. Одан бөлек, 4 мамырда өтінімдер қабылдау басталып, барлық қызметтер мерзімінде көрсетілетінін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік саласында жаңа ақпараттық жүйенің іске қосылу процесі жүріп жатыр. Осыған байланысты келесі қызметтер бойынша уақытша ақаулар байқалуы мүмкін екенін хабарлаймыз:

1

Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу

2

Тұрғылықты жері бойынша 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу

3

Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу

4

Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару

5

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту

6

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну

7

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою

8

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

9

Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру

10

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау

11

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

12

Бала асырап алғысы келетін адамдарды есепке қою

13

Баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

14

Жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін құжаттарды қабылдау және жоғары оқу орындарына қабылдау

15

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін құжаттарды қабылдау және жоғары оқу орындарына қабылдау

16

Болашақ халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берілген жылжымайтын мүлік кепілі шартын беру

17

Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру

18

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

19

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру

20

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру

21

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру

22

Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемаларын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу дела құжаттарының көшірмелерін беру

23

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар алу

24

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар алу

25

Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру

26

Заңды тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру

27

Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру

28

Заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру

29

Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметтерді қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру

30

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу

31

Филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу

32

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу

33

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу

Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлік саласында қызметтерді әдеттегі түрде көрсету үшін қолдан келгеннін барлығын жасайды.