Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Hackathon HackNU /23: Мемлекеттік корпорация мен студенттік IT-қоғамдастықтың ынтымақтастығы

Астанада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен алтыншы жыл өтіп жатқан Hackathon HackNU/23 студенттік бағдарламасы аяқталды. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 400 жас IT-стартаперлер, техникалық факультеттердің түлектері мен студенттері қатысты. Демеуші компаниялардың талабы бойынша қатысушылар 24 сағат ішінде сервистерді жетілдіруге бағытталған инновациялық жобаларды әзірледі.

Hackathon-ға қатысу үшін еліміздің әртүрлі қаласынан 400-ден астам студент өтінім жіберген. Оның ішінде 20 команда дайын құжаттарды жеткізу сервисін жетілдіру үшін жоба әзірлеуді таңдады. Іс-шараға департамент басшылары мен Мемлекеттік корпорация мамандары қатысып, жастарға кеңес беріп, жұмысын бағалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ IT саласы жөніндегі Басқарушы директоры Шыңғыс Оразалимовтың айтуынша, бүгінде Мемлекеттік корпорация қазақстандағы технологиялық индустрияның ең серпінді компанияларының бірі. Еліміздің миллиондаған азаматы үшін көптеген қажетті мемлекеттік қызметтер дәл осы жерде әзірленеді. Мемлекеттік корпорация өз қызметін жетілдіру мақсатында әртүрлі құралды қолданып, соның ішінде Hackathon іс-шарасына ерекше назар аударады.

«Бүгінде студенттік IT-қоғамдастықтар қарқынды дамып келеді. Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин бүгінгі таңда маңызды мәселелердің шешімін таба алатын студенттік IT-қозғалыстарды қолдайды. Осылайша жастар әртүрлі инновациялық жобалар, цифрлық өнімдер мен сервистерді әзірлеуге атсалысады. Біз өз қызметімізді жетілдіру мақсатында студенттік Hackathon іс-шарасын ұйымдастырып, жастардың жаңа көзқарасы мен жобаларын байқағымыз келеді. Осыған байланысты Hackathon қатысушыларына қызмет алушыларға дайын құжаттарды жеткізу бойынша ыңғайлы сервистерді әзірлеу талабы қойылды. Жоба әзірлеу барысында студенттер қосымша немесе web-сервистің тұжырымдамасын ойластыра алады. Сонымен қатар, бұл іс-шара студенттер үшін өз күшін сынап, мамандармен танысып, үлкен тәжірибие алуға мүмкіндік береді. Hackathon соныңда ең жақсы жобалар тандалып, кейіннен сол жоба іске қосылады. Барлық қатысушыларға табыс тілеймін», - деді Шыңғыс Оразалимов.

Hackathon қатысушыларының жұмысы мен идеяның өзіндік ерекшелігі, прототиптің өнімділігі, технологиялылығы және функционалдығы критерийлері бойынша бағаланды. Сондай-ақ, іс-шараның басты шарты негізінде жоба Hackathon шеңберінде әзірленуі және пайдалы өнім болуы керек.

Айта кетейік, Hackathon - бұл бағдарламалық қамсыздандыруды жасақтаудың әртүрлі салаларынан (программисттер, дизайнерлер, жоба менеджерлері) демеушілер ұсынған мәселелерді шешу мақсатында бірігіп жұмыс істеу үшін ұйымдастырылатын іс-шара.