Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Қостанай қаласының МХҚО-сында теориялық емтихан тапсыру бойынша қызмет көрсететін компания курсанттарға емтихан тапсыруға көмектескен

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2023 жылдың 12 сәуірінде Қостанай қаласының МХҚО-сында жедел іздестіру іс-шаралары өткенін хабарлайды. Тынту шарасы Мемлекеттік корпорация филиалының ішкі қауіпсіздік қызметкері Т.А. Сәрсембиннің бастамасы бойынша Қостанай қаласының полиция департаментінің Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жүргізілген.

«Тынту барысында емтихан тапсырушылардың тарапынан теориялық емтиханды тапсыру барысында қызмет көрсететін компания мамандарының көмегін қолданған фактісі анықталды. Тінту жүргізілгеннен кейін полиция қызметкерлері жұмыс станцияларының процессорларын, автодромның автоматтандырылған алаңынан планшеттерді алып, куәгерлердің қатысуымен тінту хаттамасын жасады»,- деді Мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының ішкі қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары Мерей Саеков.

Айта кетейік, тестілеу залында 6 емтихан тапсырушы және теориялық емтихан тапсыру бойынша қызмет көрсететін компанияның 2 маманы болған.

Тергеу іс-шараларын жүргізуге байланысты Қостанай қаласының МХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихан тапсыру уақытша тоқтатылды.