Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Наурыздағы мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың жұмыс кестесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚКО-лары жұмыс істемейтінін хабарлайды.

Айта кетейік, осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13-00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9-00-ден 20-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді. Елордада Иманов к-сі, 20, Сәтбаев к-сі, 25 және 20-40 к-сі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20-00-ге дейін қабылдайды.

Кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары тізімімен Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан танысуға болады.