Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша сырттай отырысы

2023 жылғы 16 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті. Дауыс беруге Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Ә.Н. Тұрысов, Е.Д. Оспанов, Б.А. Бекбауов, Б.Ш. Әбішев, Б.Х. Ташенев, М.Б. Теміржанов, С.Т. Абдильдин, З.Я. Балиева, Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова.

Директорлар кеңесінің өткізілген сырттай отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданған:

Мемлекеттік корпорацияның Омбудсмені М.А. Айсинаның 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп қаралды және 2022 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша оның сыйақы мөлшері бекітілді.

Бұдан басқа, Мемлекеттік корпорацияның Омбудсмені М.А. Айсина мен Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің қызметкері А. Н. Басановтың өкілеттіктері олар берген өтініштерге сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.