Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

Мемлекеттік корпорация әлеуетті серіктестерді іздейді

«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында, азаматтарға жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды бірлесіп жүргізетін әлеуетті серіктестерді іздейтінін хабарлайды.

Әлеуетті серіктестер төменде көрсетілген талаптарға сәйкес анықталады:

1. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктер алдында берешектің болмауы;

2. Серіктеске қатысты оңалту және банкроттық рәсімдер қолданылмауы тиіс;

3. Практикалық және теориялық емтиханды өткізу үшін, емтихан сыныбы және автоматтандырылған жүйе Мемлекеттік корпорация бекіткен талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Серіктестердің өтінімдері 2022 жылдың 27 желтоқсаннан бастап 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша Мемлекеттік корпорацияға хабарласыңыз. Байланыс телефоны: +(775) 544 04 97 Балжан Камысбаева.