Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай отырысы өтті

2022 жылғы 19 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Ә.Н. Тұрысов, Е.Д. Оспанов, С.Т. Абдильдин, З.Я. Балиева, Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова.

Директорлар кеңесінің өткізілген сырттай отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:

2022 жылдың І жартыжылдығындағы Мемлекеттік корпорацияның тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп қаралып, назарға қабылданды, Мемлекеттік корпорацияның Бақылау комплаенс қызметі туралы ереже және Мемлекеттік корпорацияның Бақылау комплаенс қызметі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары жаңа редакцияда бекітілді, Мемлекеттік корпорацияның бұзушылықтарды бастамашылық ақпараттандыру саясаты, Мемлекеттік корпорацияда Ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа толықтыру, Корпоративтік хатшы қызметінің лауазымдық жалақыларының схемасы бекітілді, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшы қызметі қызметкерінің лауазымдық айлықақысының мөлшері өзгертілді.