Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту кезіндегі
жалға алушының әрекет ету тәртібі

Уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдаланушы (жалға алушы) жаңа мерзімге жер учаскесіне құқықты ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі 37-бабының 2-тармағына сәйкес, келесі құжаттар топтамасын ұсына отырып, учаскенің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінеді:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығына акт немесе жер-кадастрлық жоспар);

4) жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) үлгі шартының көшірмесі.

Бұл ретте, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесін тиісінше пайдалануды негіздейтін қосымша құжаттарды талап ете алады (жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі үшін - сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің нәтижелері болған кезде).

Жалға алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жалға алу мерзімін ұзарту кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жалға алушының келісімін алады.

Жалға алушы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне кеңседе тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі жер пайдаланудың жаңа мерзіміне құқық белгілейтін құжат, уақытша жер пайдалану шарты немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) құқығымен мерзімді ұзартудан бас тарту үшін төмендегілер негідеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлімінде, 37-бабы 2-тармағының бірінші бөлімінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 7-тармағына сәйкес, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жер учаскесіне құқық беру туралы шешім негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасайды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 37-бабы 2-тармағының бірінші бөліміне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда, жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.