Жаңалықтар

Жаңалықтар

Азия мен Еуропаның мемлекеттік қызметшілері Азаматтарға арналған үкіметтің жұмысымен танысты

Бүгін Алматы қаласындағы Медеу ауданының фронт-офисінде Азия және Еуропа елдерінің мемлекеттік қызметшілерінен тұратын делегация арнайы қонақ болды. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтердің бір провайдер арқылы көрсетілу ретін меймандарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып берді.


Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн ала алады

Жылжымайтын мүлік иелері бұдан былай нысандарының (пәтерлер, жатақхана бөлмелері, жеке гараждар мен саяжайлар) техникалық паспортының электронды нұсқасын онлайн рәсімдей алады. Цифрлық жаңашылдықты «Азаматтарға арналған үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жүзеге асырып отыр. 


Азаматтарға арналған үкіметте Директорлар кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. 


Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында» ХҚО бар

Мобильді азаматтар базасына тіркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлері арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервисті ХҚО-ға бармай-ақ ала алады. 


Қазақстандықтар онлайн мемлекеттік қызметтерге бетбұрды

Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 6,3 млн электронды цифрлық қолтаңба берілді.


Грузиялық сарапшылар еліміздің ХҚО жұмысымен танысты

Грузияның әлеуметтік қызмет көрсету агенттігі мен зейнетақы агенттігінің өкілдері Нұр-Сұлтандағы ХҚО мен цифрлық орталығында болып, әлеуметтік сала бойынша көрсетілетін қызметтер ретімен танысты.


Бір өтінішпен алуға болатын мемлекеттік қызметтер саны көбейеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы композитті түрде көрсетілетін қызмет түрлерін арттырмақ. Бұдан былай қандайда бір мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш саны азайтылатын болады. 


«Азаматтарға арналған үкімет» Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-мен меморандумға қол қойды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. 


Азаматтарға арналған үкімет жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестігін жариялады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегі парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берілетін жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрін жариялады. Бұл бестікке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген. 


Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ

Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.