Жаңалықтар

Жаңалықтар

Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызметтер бағасының жобалары бойынша жария тыңдау өтті

23.12.2019

2019 жылғы 23 жетоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірге коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы бағалар жобалары бойынша жария тыңдау өтті. Шара барысында сала мамандары мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметтер бағаларының жобаларына түсінік берді.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызмет мемлекеттік монополияға жатқызылған. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу бойынша функциялар Мемлекеттік корпорацияға берілген болатын.
Мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметтердің бағаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті реттейді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес әзірленеді.
Ережеге және қолданыстағы заңнамаға негізделе отырып, Мемлекеттік корпорация келесі қызметтерге баға жобаларын есептеді:
•    коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
•    коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;
•    коммерциялық заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде);
•    коммерциялық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару;
•    заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу.
Бағаны есептеу негізіне қызметтерге арналған уақыт нормалары есепке алынды. Қызметтерге арналған Уақыт нормалары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Мемлекеттік корпорацияның 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 547 н/қ бұйрығымен бекітілді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілді.
Қызметтерге баға жобаларының есебі уақыт нормалары негізінде, 2017-2019 жылдары көрсетілген қызметтер көлемі бойынша статистикалық деректер және Мемлекеттік корпорацияның  2019 жылға арналған дамыту жоспарында көзделген жоспарлы шығыстар негізінде жүргізілді.